Panasonic Smart Viera TX-PR42ST60 [62/68] Жиі қойылатын сұрақтар

Panasonic Smart Viera TX-PR42ST60 [62/68] Жиі қойылатын сұрақтар
Қазақша
18
1
3D көзілдірігін қосу жəне кию
Қосылым күйі мен батарея күйі экранның төменгі оң жағында көрсетіледі.
2
3D суреттерін көру
3D суретін алғаш рет көрген кезде Қауіпсіздік шаралары көрсетіледі. 3D суреттерін көруді жалғастыру үшін
[Дa] немесе [Нет] параметрін таңдаңыз.
Ескертпе
Пайдаланып болғаннан кейін 3D көзілдірігін өшіру.
3D көзілдірігін теледидардан шамамен 3,2 м қашықтықта пайдаланыңыз. Теледидардан тым алыс жерден 3D
көзілдірігі арқылы 3D суреттерін көре алмайсыз, себебі теледидардан радио толқындарды алу қиын болады.
Ауқымы теледидар мен 3D көзілдірігі арасындағы кедергілерге немесе қоршаған ортаға байланысты азаюы
мүмкін.
3D көзілдірігін басқа Bluetooth құрылғыларының кедергілері жоқ жерде пайдаланыңыз.
Егер 3D көзілдірігі асты-үстіне немесе теріс тағылса, 3D мазмұны дұрыс көрінбейді.
3D кескіндерін көрген кезде, көздеріңіз шамамен көлденең деңгейде болуы керек жəне қосарланған суреттер
көрінбейтін орында болыңыз.
3D көзілдірігін пайдалану барысында флюоресцентті шамдар / жарық реттегіштер астынан жарық
жыпылықтаса, [Частота обновления 3Д] ішіндегі (сурет мəзірі) [Настройки 3D] параметрін өзгертіңіз.
3D көзілдірігінің көру ауқымында жеке адамдарға байланысты айырмашылықтар болады.
Жиі қойылатын сұрақтар
Ақауды шешу үшін қызмет немесе көмекке жүгінбес бұрын мына қарапайым нұсқауларды орындаңыз.
Қосымша ақпаратты [eHELP] бөлімінен алыңыз (Қолдау көрсету > Жиі қойылатын сұрақтар).
Теледидар қосылмайды
Қуат сымының теледидар мен розеткаға қосылғанын тексеріңіз.
Теледидар күту режиміне өтеді
Автоматты қуат сақтау функциясы іске қосылған.
Қашықтан басқару пульті істемейді
Батареялар дұрыс салынған ба? (12-бет)
Теледидар қосылды ма?
Батареялардың қуаты азаюы мүмкін. Оларды жаңасымен ауыстырыңыз.
Қашықтан басқару пультін тікелей теледидардың қашықтан басқару пультінің сигналын қабылдағышқа
бағыттаңыз (сигнал қабылдағыштан 7 м аралықта жəне 30 градус бұрышта).
Теледидардың қашықтан басқару пульті сигналынын қабылдағышына кедерге етпеуі үшін теледидарды күн
сəулесі немесе өзге да қатты жарық көздерінен алшақ орнатыңыз.
Ешқандай кескінді көру мүмкін емес
Теледидардың қосылғанын тексеріңіз.
Қуат сымының теледидар мен розеткаға қосылғанын тексеріңіз.
Дұрыс кіріс режимінің таңдалғанына көз жеткізіңіз.
Сыртқы жабдықтың шығысына сəйкес келу үшін [AV2] ([COMPONENT] / [VIDEO]) параметрін [Выбор входа]
ішінен тексеріңіз.
Сурет мəзіріндегі [Контраст], [Яркость] немесе [Цвет] ең төмен деңгейге орнатылған ба?
Барлық қажетті кабельдері мен қосылымдарының орнында екеніне көз жеткізіңіз.
Əдеттегіден тыс кескін шығады
Теледидарды қуат көзін қосу / ажырату қосқышы арқылы өшіріңіз, сосын оны қайтадан қосыңыз.
Егер ақау кетпесе, барлық орнатуларды қайта бастаңыз.
[Начальные установки] келесіде: [Системное меню] (Орнату мəзірі)
Теледидардан шығатын ерекше дыбыс
Қуат қосулы кезде, жетек шуы теледидардың ішкі жағынан естілуі мүмкін (ақаулықтың белгісі емес).
Теледидар бөлшектері қызып кеткен
Алдыңғы, жоғары жəне артқы тақта бөлшектерінің температурасы көтерілсе де, мұндай температураның
жоғарылуы орындалуға немесе сапаға ешқандай кедергі келтірмейді.

Содержание

Скачать