Philips HTL2110/12 [34/44] Маңызды ақпарат

Philips HTL2110/12 [34/44] Маңызды ақпарат
34
KZ
1 Маңызды
ақпарат
Өнімді қолданар алдында барлық
нұсқауларды оқып, түсініп алған жөн. Егер
нұсқауларды сақтамаудан зақым келсе,
кепілдік қолданылмайды.
Анықтама және қолдау
Philips компаниясы жан-жақты желіде қолдау
қызметін ұсынады. Мыналар үшін www.philips.
com/support мекенжайы бойынша біздің веб-
сайтымызға кіріңіз:
пайдаланушы нұсқаулығы мен жылдам
бастау нұсқаулығын жүктеп алу;
бейне материалдарды қарау (тек кейбір
үлгілер үшін қол жетімді);
жиі қойылатын сұрақтарға (ЖҚС)
жауаптарды табу;
электрондық пошта арқылы бізге сұрақ
жіберу;
қолдау көрсетуші өкілдермен сөйлесу.
Тілді таңдап, өніміңіздің үлгі нөмірін енгізу
үшін веб-сайттағы нұсқауларды орындаңыз.
Сонымен қатар, еліңіздегі Philips
компаниясының тұтынушыларға техникалық
қызмет көрсету орталығына хабарласуыңызға
да болады. Philips компаниясына хабарласу
алдында, өнімнің үлгісі мен сериялық нөмірін
жазып алыңыз. Бұл ақпаратты өнімнің артқы
немесе астыңғы жағынан таба аласыз.
Қауіпсіздік
Электр тоғының соғу немесе өрт шығу
қаупі бар!
Өнімге немесе оның қосалқы
құралдарына жаңбыр немесе су
тимеуі керек. Өнімнің жанына ваза
сияқты сұйықтық құйылған ыдыстарды
қоймаңыз. Өнімге сұйықтықтар
төгіліп кетсе, оны дереу розеткадан
ажыратыңыз. Өнімді пайдалану алдында
тексеріп алу үшін, Philips компаниясының
тұтынушыларға қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Өнімді және қосалқы құралдарды оттың
немесе басқа қызу көздерінің жанына,
соның ішінде тікелей күн сәулесіне
қоймаңыз.
Өнімнің желдеткіш тесіктеріне немесе
басқа саңылауларына ештеңе салмаңыз.
Желі істікшесі немесе құралды
жалғаушы ажырату құрылғысы ретінде
қолданылғанда ажырату құрылғысы
жұмыс істеуге дайын күйінде қалады.
Найзағайлы бораннан бұрын өнімді
розеткадан ажыратып қойыңыз.
Электр шнурын ажыратқанда, ешқашан
кабелінен емес, әрдайым ашасынан
тартып суырыңыз.
Қысқа жүйе немесе өрт қауіпі!
Өнімді розеткаға қоспай тұрып, электр
кернеуі өнімнің артында жазылған мәнге
сәйкес келетінін тексеріңіз. Егер кернеу
басқа болса, өнімді розеткаға қосушы
болмаңыз.
Жарақаттану немесе SoundBar жүйесіне
зақым келу қауіпі бар!
Өнімді немесе басқа заттарды
қуат сымдарының немесе электр
жабдықтарының үстіне қоймаңыз.
Өнім 5 °C градустан төмен
температурада тасымалданған болса,
оны қаптамасынан шығарыңыз да,
розеткаға жалғамай тұрып, бөлме
температурасына дейін жылынуын
күтіңіз.
Осы өнімнің бөлшектері әйнектен
жасалуы мүмкін. Жарақат алмас үшін
және зақымданбас үшін абайлап ұстаңыз.
Қатты қызып кету қаупі бар!
Бұл өнімді тар жерде орнатуға
болмайды. Желдетілуі үшін, өнімнің
айналасында міндетті түрде кемінде 10
сантиметр орын қалдырыңыз. Өнімдегі
желдеткіш тесіктердің перделер немесе
HTL2110_12_UM_V1.0_ru-ua-kz.indb 34 2013/4/1 14:38:23

Содержание

Скачать