LG P990 Optimus 2X [218/252] Телефонмен танысу

LG P990 Optimus 2X [218/252] Телефонмен танысу
2
Телефонды жөндеуге апармай
және қызмет өкіліне хабарласпай
тұрып, ақаулықтың осы бөлімде
сипатталмағанына көз жеткізіңіз.
1. Телефон жады
Телефон жадындағы бос орын
көлемі 2 МБ-тан аз болғанда,
телефон жаңа хабарлар ала
алмайды. Қосымша жад босату
үшін, телефон жадын тексеріп,
қолданбалар немесе хабарлар
сияқты кейбір деректерді жою
қажет.
Қолданбаларды жою үшін:
1 ҚҰРЫЛҒЫ санатынан
> Жүйе баптаулары >
Қосымшалар тармағын
түртіңіз.
2 Барлық қолданбалар
көрсетілгенде, жойылатын
қолданбаға өтіп, оны таңдаңыз.
3 Өшіру пәрменін таңдаңыз.
2. Батареяның қызмет
мерзімін оңтайландыру
Фонда үздіксіз қосылып тұруы
қажет емес мүмкіндіктерді өшіріп,
зарядтау уақыты арасында
батареяның жұмыс мерзімін
ұзартуға болады. Қолданбалар
мен жүйелік ресурстардың
батарея қуатын пайдалану тәсілін
реттеуге болады.
Телефон батареясының жұмыс
мерзімін ұзарту:
•Пайдаланбайтын радио
байланыстарын өшіріңіз. Егер
Wi-Fi, Bluetooth немесе GPS
функциясын қолданбасаңыз,
оларды өшіріңіз.
•Экранның жарықтығын азайтып,
экранның сөнетін мерзімін
қысқартыңыз.
•Google Mail™, Күнтізбе,
Контактілер мен басқа
қолданбалардың автоматты
қадамдастырылуын өшіріңіз.
•Жүктеп алынған кейбір
қолданбалар батареяның
қуатын азайтуы мүмкін.
Телефонмен танысу
Телефонды пайдалануды бастамай тұрып, осыны оқыңыз!

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения