LG V500 G Pad 8.3 [255/452] Батареяның жұмыс мерзімін арттыру

LG V500 G Pad 8.3 [255/452] Батареяның жұмыс мерзімін арттыру
27
Батареяның жарамдылық мерзімін
оңтайландыру
Фонда ұдайы қосылып тұруы қажет емес мүмкіндіктерді өшіріп, зарядтау
уақыты арасында батареяның жұмыс мерзімін ұзартуға болады. Сондай-
ақ, қолданбалар мен жүйелік ресурстардың батарея қуатын пайдалану
тәсілін реттеуге болады.
Батареяның жұмыс мерзімін арттыру
Wi-Fi, Bluetooth немесе GPS сияқты пайдаланып жатпаған радио
байланыстарды өшіріңіз.
Экран жарықтығын төмендетіп, экранның сөну мерзімін азайтыңыз.
Gmail™, Күнтізбе, Контактілер және басқа қолданбалардың автоматты
синхрондалу мүмкіндігін ажыратыңыз.
Кейбір жүктеп алынған қолданбалар батареяның қызмет мерзімінің
қысқаруына себеп болуы мүмкін.
Жүктелген қолданбаларды пайдаланғанда батареяның зарядталу
деңгейін тексеріңіз.
Батарея зарядының деңгейін көру
1 Негізгі экранда Қосымшалар > Баптаулар > Планшет
туралы > Батарея тармағын түртіңіз.
2 Экранның жоғарғы мәзірінде батарея күйі (зарядталуда немесе заряд
жұмсалуда) және деңгейі көрсетіледі.
Батареяны пайдаланатын бағдарламаларды бақылау
және басқару
1 Негізгі экранда Қосымшалар > Баптаулар > Планшет
туралы > Батарея > Батарея қолданысы тармағын түртіңіз.

Содержание