LG V500 G Pad 8.3 Инструкция по эксплуатации онлайн [327/452] 83068

LG V500 G Pad 8.3 Инструкция по эксплуатации онлайн [327/452] 83068
99
Құлыптау таймері – Экранның күту уақыты біткеннен экранның
автоматты түрде құлыпталуына дейін қалған уақыт мөлшерін
орнатады.
Қуат түймесі дереу құлыптайды – Қуат/құлып пернесі басылғанда
экранды бірден құлыптау үшін құсбелгі қойыңыз. Бұл параметр
Қауіпсіздік құлпы таймерінің параметрін болдырмайды.
Жарықтығы – Экранның жарықтығын реттеңіз.
Экран жарығының өшу уақыты – Экранның күту уақытын орнатыңыз.
Экранды қосуKnockON функциясына экранды қосу және өшіру
мүмкіндігін беру үшін құсбелгі қойыңыз. Осы іске қосу үшін экранның
ортасын жылдам екі рет түртіңіз. Экранды өшіру үшін күй жолағын,
негізгі экрандағы бос аймақты немесе Құлыптау экранын екі рет түртіңіз.
Жақсы нәтиже алу үшін KnockON функциясын пайдаланған кезде
планшетті қозғалтпаңыз.
Экранды өшіру әсері – Экранды өшіру әсерін орнатады.
Экранды автоматты бұруПланшетті бұрған кезде бағдарды
автоматты түрде ауыстыру үшін құсбелгі қойыңыз.
Daydream функциясыҚалғу функциясын қосу немесе өшіру үшін
қосқышты түртіңіз. On (Қосу) белгішесі орнатылған экран сақтағышын
планшет докқа орнатылған және/немесе зарядталып жатқан кезде
көрсетуге мүмкіндік береді. Сағат, түстер, фотосурет жақтауы және
фотосурет үстелі ішінен таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ. Экрансақтағыш қосылып тұрғанда баяу зарядталуы
мүмкін.
Шрифт түріДисплей қарібінің түрін өзгертеді.
Шрифт өлшемі – Дисплей қарібінің өзшемін өзгертеді.

Содержание