LG V400 G Pad 7.0 [293/464] Qpair мүмкіндіктері

LG V400 G Pad 7.0 [293/464] Qpair мүмкіндіктері
57
1 Алдымен планшетіңіздегі QPair функциясын іске қосып, Бастапқы
орнату > Бастау тармағын түртіп, телефоныңызда дәл осы
қадамдарды орындаңыз.
КЕҢЕС! QPair телефоныңызда алдын ала орнатылмаған болуы
мүмкін. Google Play дүкеніне өтіңіз және Qpair қолданбасын іздеп
тауып, оны орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
QPair қолданбасы Android 4.1 не одан кейінгі нұсқалары орнатылған
телефондарда жұмыс істейді. Телефоныңыздың үлгісіне
байланысты, кейбір мүмкіндіктер шектеулі болуы мүмкін.
QPair мүмкіндігі Bluetooth функциясын пайдаланатындықтан, QPair
мүмкіндігін қолданып жатқанда Bluetooth параметрлерін өзгертсеңіз,
ол қалыпты істемеуі мүмкін.
2 Bluetooth қосылымы автоматты түрде қосылады.
QPair мүмкіндіктері
Қоңырау хабарландыруы – Телефонға қоңырау шалған кезде
планшетке ескерту жібереді. Ескертуде қоңырау шалушының нөмірі
көрсетіледі және қоңырауды қабылдауға не қабылдамауға мүмкіндік
береді. Сондай-ақ рингтон, рингтонның дыбыс деңгейі, дірілді рингтон
сияқты қоңырау параметрлерін өзгертуге немесе қоңырау қабылдағанда
бас тарту хабарламасын жіберуге болады.
ЕСКЕРТПЕ: Bluetooth технологиясында қолданылатын қоңырауды
ғана қабылдауға болады. QPair мүмкіндігі арқылы планшеттен
қоңырау соғуға болмайды.

Содержание