Bosch TRUVO (0603681200) [75/187] Қауіпсіздік нұсқаулары

Bosch TRUVO (0603681200) [75/187] Қауіпсіздік нұсқаулары
Қaзақша | 75
Bosch Power Tools 1 609 92A 2LU | (17.3.16)
Тасымалдау
тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық
ықпал етуге қатаң тыйым салынады
босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға
рұқсат берілмейді.
тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт)
құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Барлық құсқаулықтарды оқып, орындау керек. Өл-
шеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу
құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына
жағымсыз әсер етеді. ОСЫ НҰСҚАУЛЫҚТАРДЫ ТОЛЫҚ
ОРЫНДАҢЫЗ.
Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектер-
мен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс
қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу
құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
Өлшеу құралы технологияға байланысты ретте жүз пайыздық
кепілдікті қамтамасыз етпейді. Қауіптерді алып тастау үшін әр
қабырға, төбе немесе еденді бұрғылау, аралау немесе
фрезерлеуден алдын құрылыс жоспары, құрылыс
фазасындағы фотосуреттер және т.б. ақпарат көздерін
пайдаланыңыз. Ауаның ылғалдығы немесе электр аспаптарына
жақын болу сияқты қоршаған орта әсерлері өлшеу құралының
дәлдігіне әсер етуі мүмкін. Қабырғалардың сипаты мен күйі
(мысалы, ылғал, метал қамтитын құрылыс заттары, тоқ өткізетін
кілемдер, оқшаулау материалдары, плиткалар) және
нысандардың саны, түрі, өлшемі мен күйі өлшеу нәтижелеріне
әсер етеді. Дәлсіздіктер, мысалы, құрылыс материалдарының
(гипс, түсқағаз) жоғары ауа ылғалдылығы әсерінен дымқылдануы
арқылы пайда болуы мүмкін.
Әсерлер сенсор аймағында нысан болса да, сигнал шамының
жасыл түсте жануына, немесе сенсор аймағында ешқандай нысан
болмаса да, сигнал шамының қызыл түсте жануына алып келуі
мүмкін.
OBJ_BUCH-2847-001.book Page 75 Thursday, March 17, 2016 10:45 AM

Содержание

Похожие устройства

Скачать