Град-М УШМ-1700 [12/28] Жұмыс істер алдында
![Град-М УШМ-1700 [12/28] Жұмыс істер алдында](/views2/1089559/page12/bgc.png)
12
в) бөлшектердi ауыстыру, жөндеу бойынша кез-
келген жұмыстарды жүргiзбес бұрын немесе электр
аспабын сақтауға қояр алдында ашаны электр
қорегi көзiнен ажырату қажет. Бұл қауiпсiздiктiң
алғышартты шаралары электр аспабының ерiктен
тыс қосылу қауiпiн азайтады;
г) қолданылатын электр аспабын балалардың
қолы жетпейтiн жерде
сақтаңыз жəне осы электр
аспабымен жəне оны қолдану бойынша нұсқамамен
таныспаған тұлғаларға сенiмдемеңiз. Оқытылмаған
тұлғалар қолындағы электр аспабы қауiп туғызады;
д) электр аспабының техникалық қызметiн жүргiзу
қажет. Өзара əрекеттесетiн бөлшектер жұмысының
синхрондығын, зақымдалған бөлшектер мен электр
аспабының жұмысына əсер етуi мүмкiн басқа
да
сəттердi тексеру керек. Қолданар алдында
зақымдалған электр аспабын жөндеуден өткiзу
қажет. Қайғылы жағдайлардың көпшiлiгi электр
аспабының нашар қызметiнен туындаған;
е) кесетiн аспапты өткiр жəне таза қалпында
ұстаңыз. Өткiр кесушi бөлшектерi бар аспап дұрыс
қызмет еткен жағдайда сыналануға кем дəрежеде
бейiм, онымен жұмыс iстеу
жеңiл;
ж) электр аспабын, оның саймандарын, жұмыс
саптамаларын жəне т.б. осы нұсқамаға жəне жұмыс
талаптары мен орындалатын жұмыс түрлерiн
назарға ала отырып, əр электр аспабының өзiне
тиiстi нұсқамаларына сəйкес қолданыңыз. Электр
аспабын көрсетiлiмiне сай қолданбау қауiптi
жағдайларға əкелуi мүмкiн.
5. Қызмет
көрсету
Электр аспабына қызмет көрсету жəне жөндеу
жұмыстарын тек сəйкес қосымша бөлшектердi
пайдаланатын бiлiктi маман ғана жүргiзуi қажет. Бұл
электр аспабының сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiне кепiл
болады.
Жұмыс істер алдында:
• аспаптың электрқозғалтқышының қорек кернеуі
желінің кернеуіне сəйкес келетініне
• розетка, ұзартқыш, электрқорек кабелі мен
олар дың ашасының түзу екендігіне, элек тро қша-
у лағышының зақымданбағанына, электр өткізгіш
бөлшектердің арасында тиісті түйіспенің қамтамасыз
етілгендігіне
• қосымша тұтқа мен қорғаныш қаптаманың ор на-
тыл ғандығына
• өңделетін бұйымның нық бекітілгеніне
• өңдеу аймағында электр сымдарының, құ быр-
лардың немесе коммуникациялардың
жоқ екен-
дігіне
• аспаптың ажыратқышы «Выкл» («Сөндірулі»)
күйінде тұрғанына көз жеткізіп алыңыз.
Саптамаларды пайдалану
• тек жинаққа енгізілген қысқыш шайбаларды
пайдаланыңыз
• түрпілі дискіде көрсетілген ең жоғарғы рұқсат
етілетін айналу жылдамдығы аспаптың шпинделінің
ең жоғарғы айналу жылдамдығынан аз болмауға
тиіс
• саптаманың орнату өлшемдері осы аспаптың
параметрлеріне сай болуға тиіс, саптаманы орнату
үшін жалғастырғыштар пайдалануға болмайды
• зақымданған саптамаларды пайдаланбаңыз
• саптамаларды оларға майлағыштың тиюінен
сақтандырыңыз
• оймалы саңылауы бар саптамаларды орнатқан
кезде саптама оймасының биіктігі шпиндель
оймасының биіктігінен аспайтынына, сонымен қатар
шпиндельдің бос бөлігі өңделетін бетке тимейтініне
көз жеткізіңіз
• саптамаларлы орнатар алдында ашаны
розеткадан суырып алыңыз.
Жұмыс барысында:
• үй-жайдан тыс жерде жұмыс істеген кезде
аспапты қауіпсіздік сөндіру құрылғысы (ең жоғ. ағу
тогы - 30 мА) арқылы қосу қажет; сонымен қатар
үй-жайдан
тыс жерлерде жұмыс істеуге есептелген,
ылғалдан қорғалған ұзартқыш пайдаланған жөн
• жоғары ылғалдылық (жаңбыр, тұман, бу, қар
жəне с.с.) жағдайларында жұмыс істеуге болмайды
• металл өңдеу кезінде ұшқындар шығады: жұмыс
орнында тез тұтанатын заттардың болуына жол
бермеңіз
• шаң көп түзілген кезде респиратор
пайдаланыңыз жəне мүмкіндігінше шаң сору жүйесін
пайдаланыңыз
• қорек сымы электраспаптың
қозғалмалы
бөлшектеріне жақын болмауға тиіс
• тым ұзын ұзартқыштар пайдалануға кеңес
берілмейді; катушкадағы ұзартқыш пайдаланылған
кезде оның орауы толық жазылуға тиіс
• аспаптың желдету тесіктерін жаппаңыз жəне
оның қоқыспен бітелуіне жол бермеңіз
• саптама қыстырылып қалмауы немесе
қозғалтқышқа шамадан тыс жүктеме түспеуі үшін
аспапқа тым қатты күш салмаңыз
• жұмыстағы үзіліс кезінде аспапты қорек
желісінен
ажыратыңыз
• жұмысты тоқтатар алдында электрқозғалтқышты
суытып алу үшін аспапты 1-3 минут бос жұмыс
істетіп алыңыз
• шпиндельді құлыптау түймесін тек ол толық
тоқтағаннан кейін басыңыз
• саптама толық тоқтап, суығанға дейін оған
қолмен тимеңіз
Мына жағдайларда аспапты дереу сөндірген жөн:
• диск қыстырылып қалған кезде
• кабель, аша немесе розетка зақымданған кезде
• ажыратқыш бұзылған кезде
•
щеткалардан шектен тыс көп ұшқын шыққан
кезде жəне коллектордың бетінде шеңбер тəріздес
от пайда болған кезде.
Аспаптың екі мəртелік электроизоляциясы
бар жəне ол жерленуді талап етпейді.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КӨРСЕТІЛУІ
МЕН КҮТІМІ
Техникалық қызмет көрсетілуінен бұрын
аспапты қоректену желісінен суырыңыз!
Содержание
- Ушм 1700 1
- Қолданысы бойынша нұсқам 1
- Машина шлифовальная угловая 6
- Русский 6
- Правила техники безопасности для шлифовальных машин 7
- Машина шліфувальна кутова 8
- Українська 8
- Перед роботою пересвідчіться в тому що 9
- Спеціальні правила техніки безпеки 9
- Використання насадок 10
- Технічне обслуговування 10
- У процесі роботи 10
- Бұрыштық ажарлағыш машина 11
- Техникалық сипаттамалар 11
- Қаз 11
- Қызметі 11
- Құрылғы 11
- Жұмыс істер алдында 12
- Саптамаларды пайдалану 12
- Техникалық қызметтің көрсетілуі мен күтімі 12
- Angle grinder 13
- English 13
- Environment 15
- Maintenance 15
- Сборочный чертеж 16
- Спецификация 17
- Умови гарантii укр 18
- Условия гарантии рус 18
- Warranty terms eng 19
- Кепілдік шарттары қаз 19
- Приложение выдержка из гост 12 13 91 20
- Гарантийный талон 23
- Рекомендации по профилактическому обслуживанию электроинструмента 23
- Сервисные центры в республике беларусь 23
- Гарантия не распространяется 24
- Условия гарантии 24
Похожие устройства
- Daewoo Electronics DTH-29U7K-100D Инструкция по эксплуатации
- HP Envy dv6-7350er D2F75EA Инструкция по эксплуатации
- Daewoo Electronics KR-15U5FL Инструкция по эксплуатации
- Samsung HM3200 Инструкция по эксплуатации
- HP Envy dv7-7352er D2F83EA Инструкция по эксплуатации
- Daewoo Electronics DPP-4242NAS Инструкция по эксплуатации
- Град-М ЛШМ-730 Инструкция по эксплуатации
- Daewoo Electronics DPP-4240NAS Инструкция по эксплуатации
- HP Envy TouchSmart Ultrabook 4-1161er C6F05EA Инструкция по эксплуатации
- Град-М ПШМ-280 Инструкция по эксплуатации
- HP 6-1253er D2G72EA Инструкция по эксплуатации
- Daewoo Electronics DT-4242N Инструкция по эксплуатации
- Град-М ПД-160 Инструкция по эксплуатации
- Daewoo Electronics DPC-7200PD Инструкция по эксплуатации
- HP Envy 6-1251er D2G70EA Инструкция по эксплуатации
- Samsung HM1900 Инструкция по эксплуатации
- HP Envy m6-1262er Инструкция по эксплуатации
- Daewoo Electronics ESV-440K Инструкция по эксплуатации
- Град-М ПД-185 Инструкция по эксплуатации
- HP ProBook 4540s H5J59EA Инструкция по эксплуатации
Скачать
Случайные обсуждения