Град-М ЛШМ-730 [7/18] Жұмыс процессі кезінде

Град-М ЛШМ-730 [7/18] Жұмыс процессі кезінде
11
тыс қосылу қауiпiн азайтады;
г) қолданылатын электр аспабын балалардың
қолы жетпейтiн жерде сақтаңыз жəне осы электр
аспабымен жəне оны қолдану бойынша нұсқамамен
таныспаған тұлғаларға сенiмдемеңiз. Оқытылмаған
тұлғалар қолындағы электр аспабы қауiп туғызады;
д) электр аспабының техникалық қызметiн жүргiзу
қажет. Өзара əрекеттесетiн бөлшектер
жұмысының
синхрондығын, зақымдалған бөлшектер мен электр
аспабының жұмысына əсер етуi мүмкiн басқа
да сəттердi тексеру керек. Қолданар алдында
зақымдалған электр аспабын жөндеуден өткiзу
қажет. Қайғылы жағдайлардың көпшiлiгi электр
аспабының нашар қызметiнен туындаған;
е) кесетiн аспапты өткiр жəне таза қалпында
ұстаңыз. Өткiр кесушi
бөлшектерi бар аспап дұрыс
қызмет еткен жағдайда сыналануға кем дəрежеде
бейiм, онымен жұмыс iстеу жеңiл;
ж) электр аспабын, оның саймандарын, жұмыс
саптамаларын жəне т.б. осы нұсқамаға жəне жұмыс
талаптары мен орындалатын жұмыс түрлерiн
назарға ала отырып, əр электр аспабының өзiне
тиiстi нұсқамаларына сəйкес қолданыңыз. Электр
аспабын көрсетiлiмiне сай қолданбау қауiптi
жағдайларға əкелуi мүмкiн.
5. Қызмет көрсету
Электр аспабына қызмет көрсету жəне жөндеу
жұмыстарын тек сəйкес қосымша бөлшектердi
пайдаланатын бiлiктi маман ғана жүргiзуi қажет. Бұл
электр аспабының сенiмдiлiгi мен қауiпсiздiгiне кепiл
болады.
Желіге қоспас бұрын мынаѓан көз жеткізіңіз:
аспап электроқозғағышының кернеуі желілік кер-
неуге сəйкес болуы қажет;
розетка, ұзартқыш, қорек баусымы жəне олардың
ашалары дұрыс, электр оқшаулағыштың ақаулары
жоқ, электр өзткізгіш бөлшектер арасында тиісті
байланыс қамтамасыз етілген;
өңделетін объект сенімді бекітілген;
аспаптың ажыратқышысөндірілгенқалпында.
Жұмыс процессі кезінде
бөлмеден тыс жұмыс істеген жағдайда аспапты
қорғанысты сөндіру құрылғысы арқылы қосу қажет
(ағынды макс.ток – 30мА); сондай-ақ бөлмеден
тыс қолданысқа арналған ылғалдан қорғалған
ұзартқышты қолдану қажет;
жоғарғы ылғалдылық жағдайында (жауын-шашын,
тұман, бу жəне т.б.) жұмыс істеуге жол берілмейді;
жұмыс орында жеңіл тұтанатын заттардың болуы-
на жол бермеңіз;
көп мөлшерде шаң жиналған жағдайда респира-
торды қолданыңыз, жəне мүмкін болса, шаң сору
жүйесін қолданыңыз;
электр аспабының жылжымалы бөліктерінің
маңында қорек баусымының жатуына жол
бермеңіз;
тым ұзын ұзартқыштарды қолдануға кеңес
берілмейді: орамадағы ұзартқыштарды қолданған
жағдайда ол толық шешілген болуы қажет;
станоктың желдету саңылауларын жаппаңыз
жəне
олардың ластануын болдырмаңыз;
қозғалтқышқа салмақ түсірмеу үшін аспапқа тым
көп күш салмаңыз, өңдеу сапасы аспапқа қысымға
байланысты емес;
жұмыс кезіндегі үзілісте аспапты қорек желісінен
ажыратыңыз;
жұмыс аяқталған соң, электр қозғалтқышының
сууы үшін аспапты бос жүрісте 1-3 минут ұстаңыз;
аспапты сөндірген соң, əрлеу таспасы толық
тоқтағанша оны
ұстамаңыз;
зақымдалған немесе тозған əрлеу таспасын
қолданбаңыз;
əрлеу таспасын шешу немесе орнату алдында
ашаны розеткадан ажыратыңыз.
Мына жағдайларда станокты дереу сөндіру
қажет:
кабель, аша немесе розетканың зақымдалуы;
ажыратқыштың сынуы;
коллектор бетінде сақина тəріздес оттың жəне
шеткның шамадан тыс жалындауы кезінде.
Аспаптың екі мəртелік электроизоляциясы
бар жəне ол жерленуді талап етпейді.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ КӨРСЕТІЛУІ
МЕН КҮТІМІ
Техникалық қызмет көрсетілуінен бұрын
аспапты қоректену желісінен суырыңыз!
Əрбір жұмыс аяқталған сайын жұмсақ матамен
немесе салфеткамен аспаптың корпусын кірден
жəне шаңнан тазартып отыруға кеңес беріледі.
Оңайлықпен кетпейтін кірді сабынды сумен суланған
жұмсақ матамен кетіруге кеңес беріледі. Кірлерді
кетіру үшін бензин, спирт, аммиак ерітінділері жəне
т.б. сияқты ерітінділерді пайдалануға болмайды.
Ерітінділерді қолдану аспаптың корпусының
зақымдануына əкеп соқтыруы мүмкін.
Аспап қосымша майлауды қажет етпейді.
Бұзылған жағдайда сервис қызметіне хабарла-
сыңыз.

Содержание

Похожие устройства