Timberk T-HGS01 [17/25] Алғашқы қосудың алдында бұйымның

Timberk T-HGS01 [17/25] Алғашқы қосудың алдында бұйымның
IM2022
17
қорап пен қаптама материалын бірге сақтап қойыңыз. Осы пайдалану жөніндегі
нұсқаулықта құрылғының осы типтегі әр түрлері сипатталады. Сіз сатып алған
аспап нұсқаулықта сипатталған үлгіден біршама ерекшеленуі мүмкін, алайда бұл
қолдану мен пайдалану тәсілдеріне ықпал етпейді. Өндіруші қосымша
хабарламасыз, оның қауіпсіздігіне, жұмысқа қабілеттілігі мен
функционалдылығына түбегейлі әсер етпейтін бұйымның құрылысына шамалы
өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады. Осы нұсқаулықтың мәтінінде және
цифрлық шартты белгілерінде қате басылып кету болуы мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Осы нұсқаулықта берілген маңызды сақтық шаралары мен нұсқаулар кездесуі
мүмкін барлық ықтималды режимдер мен жағдайларды қамтиы алмайды.
Дайындаушы тасымалдау, кезінде, дұрыс орнатпау нәтижесінде, кернеудің
ауытқуы нәтижесінде аспап немесе оның қандай да бір бөлшегі зақымдалған
жағдайда, сондай-ақ аспаптың қандай да бір бөлігі өзгертілген немесе
түрлендірілген болса, жауапты болмайды.
ЕСКЕРТУ
Бұйымда затбелгі бар, онда барлық қажетті техникалық деректер және аспап
туралы өзге де пайдалы ақпарат берілген. Аспапты тек осы нұсқаулықта
көрсетілген мақсаты бойыша пайдаланыңыз.
2. САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
1. Қолдану нұсқауын ықыласпен оқып шығыңыз
және оны анықтамалық материал ретінде
сақтаңыз. Дұрыс қолданбау бұйымның
бұзылуына әкелуі, материалдық не
қолданушының денсаулығына зиян келтіруі
мүмкін.
2. Алғашқы қосудың алдында бұйымның
техникалық сипаттамасының жапсырмада
көрсетілген электр жүйесінің параметрлеріне
сәйкестігін тексеріңіз.
3. Тек қана тұрмыстық мақсаттарда қолданылады.
Құрал өнеркәсіптік қолдануға арналмаған.
4. Жайдан тыс не жоғары дымқылды жағдайда
қолданылмайды.
5. Құралды не бауды суға немесе басқа
сұйықтықтарға батырмаңыз.
6. Қоректену бауының өткір жиектер және ыстық
үстілерге тимеуін қадағалаңыз.

Содержание

Скачать