Nissei WS-820 [15/20] Iso 14001 200

Nissei WS-820 [15/20] Iso 14001 200
14
ҚАЗАҚСТАН ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Атауы: КҮРЕТАМЫРДЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АСПАП. WS-820 үлгісі.
Қолданылуы: адам күретамырының систоликалық (жоғарғы) және диастоликалық (төменгі) қан
қысымын және тамырының соғысын осциллометрикалық әдіспен өлшеу.
Ұсыныстар: Те к дипломды дәрігер ғана күнделікке жазылған деректер негізінде Сіздің
күретамырыңыздың қан қысымына талдау жасай алады. Есіңізде болсын, гипертония
диагностикасын және оған ем белгілеуді тек дипломды дәрігер ғана өз бетімен алған күретамыр
қан қысымының к
өрс
еткіштері негізінде жүргізе алады. Дәрі-дәрмектерді қабылдауды немесе
қолданылатын дәрілердің бір ішерлік мөлшерін ауыстыруды тек дәрігердің ұсынысымен ғана
істеу керек. Күретамырыңыздың қан қысымының дұрыс көрсеткіштерін алу үшін өлшеу кезінде
тыныштық сақтаған жөн. Күретамырдың қан қысымын өлшеудің дәлдігі аспап көмкермесінің
Сіздің білегіңіздің көлеміне сәйкестігіне байланыс
ты. К
өмкерме кең де, тар да болмауға тиіс.
Бұл аспап ересек адамдардың күретамырының қан қысымын өлшеуге арналға, сондықтан егер
баланың қан қысымын өлшеу қажет болса, дәрігермен ақылдасқаныңыз жөн. Қан қысымын
қайтадан өлшеу қажет болса, есіңізде болсын, қан айналымы қалпына келуі керек. Сондықтан
қайталап өлшеуді тек 3-5 минуттан кейін ғана жүргізіңіз. Алайда, айқын ат
еросклерозбен
ауыратын
адамдардың қан тамырлары созылмалылығын едәуір жоғалтатындықтан өлшеулер
арасында едәуір көбірек уақыт (10-15 минут) қажет болады. Мұның ұзақ уақыт қант диабетімен
ауыратын адамдарға да қатысы бар. Күре тамырдың қан қысымын неғұрлым дәлірек анықтау
үшін жалғасты 3 рет өлшеу жүргізіп, соның орта мәнін алған дұрыс. Күре тамырдың қан қысымын
неғұрлым дәлірек анықтау үшін жалғас
ты
3 рет өлшеу жүргізіп, соның орта мәнін алған дұрыс.
Күту, сақтау, жөндеу және өтелге шығару: Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан, тура түсетін
күн сәулесінен, соққылардан сақтау қажет. Аспапты жылыту құралдары мен ашық отқа тым
жақын жерде сақтамаңыз және пайдаланбаңыз. Аспапты ластанудан сақтаңыз. Аспаптың уытты
ерітінділерге жанасуына жол бермеңіз. Көмкермені жууға болмайды. К
өмк
ермені өткір заттардан
сақтаңыз. Қажет болған жағдайда жөндеу жұмыстарын тек мамандандырылған ұйымдарда ғана
жүргізіңіз. Белгіленген қызмет ету мерзімі бітерде аспаптың техникалық жағдайын тексертіп
алу үшін, ал егер оны өтелге шығару қажет болса, сол уақытта Сіздің аймақта қолданыста
болған өтелге шығару ережелеріне сәйкес ауық-ауық мамандарға (мамандандырылған жөндеу
ұйымдары) көрсетіп тұрған дұрыс.
К
епілдеме
лік міндеттемелер: Бұл аспапқа сатылған күннен бастап 60 ай кепілдемелік мерзім
белгіленген. Көмкермеге белгіленген кепілдемелік мерзім 12 айды құрайды. Кепілдемелік
міндеттемелер аспап тұтынушыға сатылған сәтте кепілдемелік талонмен ресімделеді.
Кепілдемелік қызмет көрсету ұйымдарының мекен-жайлары кепілдемелік талонда көрсетілген.
Сертификаттау, мемлекеттік тіркеу және өндіруші туралы ақпарат: Аспаптарды өндіру ISO 9001,
ISO 13485,
ISO 14001:2004
стандарттары бойынша сертификатталған.
WS-820 үлгісі ЕМС (ІЕС60601-1-2), EN1060-1, EN1060-3 стандарттарына сәйкес келеді. Қазақстан
Республикасы денсаулық сақтау министрлігітіркеу нөмірі РК-МТ-5007320, 14.01.2010.
Өндіруші және экспортшы туралы мәліметтер: Өндіруші: Нихон Сеймитсу Сокки Ко., Лтд.
Өндірушінің мекен-жайы: 2508-13 Накаго Шибукава Гунма 377-0293 Жапония.
Өндіруші-завод: PT.NSS INDONESIA
Өндіруші-заводтың мекен-жайы: Blok A-2 No. 29 ST4A Kawasan, Berikat Besland Pertiwi, Kota
Bukit Indah Purwakarta 4118, INDONESIA
Экспортшы: ЛИТТЛ ДОКТОР ИНТЕРНЕШНЛ (С) ПТИ. ЛТД.
Экспортшының мекен-жайы: 35 Сележ Роуд 09-05 Парклайн Шопинг Центр, Сингапур 188307
Талап-тілектеріңізді ресми импортшының мына мекен-жайына жолдаңыздар:
Қазақстан: 070010, Өскемен қ.,
Карбышев
к., 24, КазмедимпортЖШС. (7232) 55-89-97.
WWW.NISSEI.RU

Содержание