Nissei DS-400 Инструкция по эксплуатации онлайн [18/24] 86336

17
НАЗАРДА ҰСТАҢЫЗ!
Аспап өте күшті аритмиясы бар адамдардың күре тамырының қан қысымын өлшеуге
арналмаған.
ТИЫМ САЛЫНАДЫ:
Құрылғыны жуынатын бөлмеде жəне басқа да ылғалдылығы жоғары жерлерде
пайдалануға.
Білегінде толық жазыла қоймаған жарақаттары бар адамдарға пайдалануға болмайды.
Тамырыңызға дəрі тамшылатып жатқанда немесе тамырыңыздан қан алып жатқанда
пайдаланбаңыз. Ол жарақаттануға жəне оқыс жағдайларға апарып с
оғуы
ықтимал.
Құрылғыны осы басшылық құжатта жазылғандағыдан басқа мақсаттарға пайдалануға
болмайды. Ол құрылғының істен шығуына жəне оқыс жағдайға апарып соғуы ықтимал.
ДҰРЫС ӨЛШЕУ ЖӨНІНДЕГІ АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР
1. Егер Сіз гемодиализбен немесе антикоагулянттармен, антитромбоциттармен немесе
стероидтармен емделіп жүрген болсаңыз, өз дəрігеріңізбен алдын ала ақылдасып алмай
аспапты пайдаланбаңыз.
2. Дұрыс өлшеу үшін
КҮРЕ ТАМЫРДЫҢ ҚАН ҚАСЫМЫНЫҢ ТІПТІ ҚЫСҚА УАҚЫТ АРАЛЫҒЫНДА
ӨТЕ ЖЫЛДАМ АУЫТҚЫП КЕТЕТІНІН
білген дұрыс. Күре тамырдың қан қысымының деңгейі
көптеген факторларға тəуелді. Əдетте ол жазда төмен, ал қыста жоғары болады. Күре
тамырдың қан қысымы атмосфералық қысыммен бірге өзгеріп отырады, физикалық жайттарға
да, көңіл-күйге де, ашуланулар мен тамақтану тəртібіне де байланысты. Қабылдаған дəрі-
дəрмектер, алкогольді ішімдіктер мен темекі тартудың əсері үлкен. Кейбір адамдардың қан
қысымын емх
анада өлшеу
дің өзінен көрсеткіштер жоғарылайды. Сондықтан күре тамырдың
қан қысымын үй жағдайында өлшеу мен емханада өлшеудің арасында айырмашылық бар.
Күре тамырдың қан қысымы төмен температурада жоғарылайтын болғандықтан, өлшеулерді
бөлме температурасында (20
0
С) жүргізіңіз.
Күре тамырдың қан қысымы көрсеткіштерін жазып отыратын күнделік жүргізген дұрыс.
ТЕК ДƏРІГЕР ҒАНА КҮНДЕЛІКТЕГІ ДЕРЕКТЕР НЕГІЗІНДЕ СІЗДІҢ КҮРЕ ТАМЫРЫҢЫЗДЫҢ ҚАН
ҚЫСЫМЫ ӨЗГЕРІСІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАЙ АЛАДЫ
.
3. Жүрек-қан тамырлары сырқаттары жəне күре тамырдың қан қысымының мониторингі
алынуға тиіс басқа да сырқаттар кезінде өлшеулерді өз дəрігеріңіз белгілеген сағаттарда
ғана жүргізіңіз.
ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН, ГИПЕРТОНИЯНЫҢ ДИАГНОСТИКАСЫН ЖƏНЕ ЕМДЕУДІ
КҮРЕ ТАМЫРДЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫНЫҢ ӨЗІ АЛҒАН КӨРСЕТКІШТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ТЕК ДƏРІГЕР
ҒАНА ЖҮРГІЗЕДІ. ДƏРІ-ДƏРМЕКТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ЖƏНЕ ОЛАРДЫҢ МӨЛШЕРІН ӨЗГЕРТУ ТЕК
ЕМДЕУШІ ДƏРІГЕРДІҢ ЖАЗЫП БЕРУІМЕН ҒАНА ІСТЕЛЕДІ.
4. Күре тамырдың қан қысымын өлшеудің дəлдігі көмкерменің Сіздің білегіңіздің көлемімен
сəйкес келуіне де байланысты.
КӨМКЕРМЕ ТАР НЕМЕСЕ КЕРІСІНШЕ КЕҢ БОЛМАУҒА ТИІС.
КЕПІЛДЕМЕЛІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
1. Дайындаушы фирма тұтынушы пайдалану, тасымалдау жəне сақтау шарттарын
пайдаланудың кепілді мерзімі ішіндеаспап сатылған күннен бастап 5 жыл сақтаған
жағдайда DS-400 үлгісіндегі аспаптың техникалық сипаттамаларының сəйкес келетіндігіне
кепілдік береді. Көмкерменің, айдаманың жəне ауа шлангысының кепілді мерзімі сатылған
күннен бастап 12 ай.
2. Кепілдемелік міндеттемелер аспап тұтынушыға сатылған сəтте кепілдемелік талонмен
ресімделеді. Кепілдеме аспап ашылмаса немесе бұзылмаса ғана өз күшінде бо
лады.
3. Кепілдемелік
қызмет көрсету ұйымдарының мекен-жайлары кепілдемелік талонда
көрсетілген.

Содержание