Nissei WS-720 [19/24] Қазақстан тұтынушыларына арналған ақпарат

Nissei WS-720 [19/24] Қазақстан тұтынушыларына арналған ақпарат
18
Виготовлено в Японії.
Претензії та побажання споживачів надсилати за адресою: а/с 123, м.Київ-49, 03049, “Ергоком” ТПК ПП.
Телефон безкоштовної інформаційної лінії 0-800-30-120-80.
www.Nissei.ua
Қазақстан тұтынушыларына арналған ақпарат
Атауы:
КҮРЕ ТАМЫРДЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫ МЕН ТАМЫРДЫҢ СОҒУЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЦИФРЛЫ АСПАП. WS-720 ҮЛГІСІ.
Пайдаланылу мақсаты: адам күре тамырының максимальды (жоғарғы) жəне минимальды (төменгі) қан қысымы мен тамырының соғуын
осциллометрикалық əдіспен өлшеу.
Ұсыныстар: Тек дипломы бар дəрігер ғана күнделік негізінде Сіздің күре тамырыңыздың қан қысымы өзгерісін анықтай алады. Есіңізде болсын,
гипертония диагностикасы мен емдеуді тек дипломы бар дəрігер ғана дəрігердің өзі алған күре тамырдың қан қысымы көрсеткіштері
негізінде ғана
жүзеге асырады. Қолданылатын дəрі-дəрмектерді ішу мен дозасын өзгертуді тек емдеуші дəрігердің айтуымен ғана істеу керек. Күре тамырдың қан
қысымының көрсеткіштері дұрыс болу үшін өлшеу кезінде тыныштық сақтау керек. Күре тамырдың қан қысымының дəлдігі аспап манжетасының
Сіздің білегіңізге сəйкестігіне байланысты. Манжета тар да, керісінше кең де болмауға тиіс.бұл аспап ересек адамның күре тамырының қан қысымын
өлше
уге арналған. Сондықтан бала қан қысымын өлшегіңіз келсе, дəрігермен ақылдасыңыз. Қайталап өлшеу қажет болса, есіңізде болсын, қолдағы қан
айналымы бастапқы қалпына келуі керек. Сондықтан қайта өлшеуді тек 2-3 минуттан кейін ғана жүргізіңіз. Алайда, ашық атеросклерозбен ауыратын
адамдардың тамырлары қатайып кететіндіктен өлшеулер арасындағы уақыт көбірек бо
луы керек (10-15 минут). Мұның ұзақ уақыт қант диабетімен
ауыратын адамдарға да қатысы бар. Күре тамырдың қан қысымын неғұрлым дəлірек анықтау үшін қатар-қатар 3 өлшеу сериясын өткізіп, соның орта
нəтижесін есепке алған жөн.
Күту, сақтау, жөндеу жəне өтелге шығару. Бұл аспапты өте дымқылдықтан, күн сəулесінің тікелей түсуінен сақтау керек. Аспапты жылытқыш аспаптар
мен
ашық отқа тым жақын жерде сақтамаңыз. Аспапты кірлетпей ұстаңыз. Аспаптың уытты ерітінділерге жанасуына жол бермеңіз. Манжетаны жууға
болмайды. Манжетаны өткір бұйымдардан аулақ ұстаңыз. Қажет болғанда оны тек мамандандырылған ұйымдарда ғана жөндетіңіз. Белгіленген қызмет
мерзімі бітерде аспаптың техникалық жағдайын тексерту, егер қажет болса оны Сіздің өңірде қолданыстағы ережелерге сəйкес өтелге шығар
уды жүзеге
асыру үшін аспапты ауық-ауық мамандарға (мамандандырылған жөндеу ұйымдары) көрсетіп тұру қажет.
Кепілдемелік міндеттемелер: Бұл аспапқа сатылған күннен бастап 60 ай кепілдемелік мерзім белгіленген. Кепілдемелік міндеттемелер аспап
тұтынушыға сатылған сəтте кепілдемелік талонмен ресімделеді. Кепілдемелік қызмет көрсету ұйымдарының мекен-жайлары кепілдемелік талонда
көрсетілген. Шығарылған жылы аспаптың батарея бөлігіндегі сериялық нөмір
де немесе
аспап қорабындағы SN əріптерінен кейін көрсетілген.
Мемлекеттік тіркеу жəне дайындаушы туралы мəліметтер: Аспаптарды өндіру ISO 9001, EN 46001 стандарттары бойынша сертификатталған. WS-
720 үлгісі 98/336ЕЕС электрмагнитті тіркесушілігі жөніндегі директиваға, EN55011-1991, EN50082-1-199246001 стандарттарына сəйкес.
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігінің ҚР-МТ-5- 001099 04.09.2002 ж. берілген.
Өндіруші жəне экспортшы туралы мəліметтер: Өндіруші: Нихон Сеймитсу Сокки Ко., Лтд.
Өндірушінің мекен-жайы: 2508-13 Накаго Шибукава Гунма 377-0293 Жапония.
Экспортшы: ЛИТТЛ ДОКТОР ИНТЕРНЕШНЛ (С) ПТИ. ЛТД.
Экспортшының мекен-жайы: 35 Сележ Роуд 09-05 Парклайн Шопинг Центр, Сингапур 188307
Талап-тілектеріңізді ресми импортшының мына мекен-жайына жолдаңыздар:
Қазақстан: 070010, Өскемен қ., Карбышев к., 24, “КазмедимпортЖШС.
www.Nissei.ru

Содержание

Скачать