Samsung DA-F60 [13/22] Орнату сақтандырулары

Samsung DA-F60 [13/22] Орнату сақтандырулары
6 Kazakh

ТОК СОҒУ ҚАУПІН АЗАЙТУ ҮШІН, ҚАҚПАҒЫН (НЕМЕСЕ АРТҚЫ ПАНЕЛІН)
АШПАҢЫЗ. ІШІНДЕ ПАЙДАЛАНУШЫ ЖӨНДЕЙТІН БӨЛШЕКТЕР ЖОҚ.
БІЛІКТІ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУШІ МАМАНҒА ЖӨНДЕТІҢІЗ.



Бұл белгі өнімде ток соғу немесе жарақат алу
қаупін тудыратын «жоғары кернеудің» барын
білдіреді.
Бұл белгі өнім құжаттарында маңызды
нұсқаулардың барын білдіреді.
Символ Кедендік одақтың 005/2011 техникалық
регламентіне сәйкес қолданылады және осы өнімнің
қаптамасын екінші рет пайдалануға арналмағанын және
жоюға жататынын көрсетеді. Осы өнімнің қаптамасын азық-
түлік өнімдерін сақтау үшін пайдалануға тыйым салынады.
Символ қаптаманы жою мүмкіндігін көрсетеді. Символ
сандық код және/немесе әріп белгілері түріндегі қаптама
материалының белгісімен толықтырылуы мүмкін.
 : өрт немесе электр тоғы соғуын болдырмау
үшін, құрылғыны жаңбырда қалдырмаңыз немесе ішіне
ылғалдың кіруіне жол бермеңіз.
 : ЭЛЕКТР ТОГЫ СОҒУЫН БОЛДЫРМАУ ҮШІН,
КЕҢ ШТЕПСЕЛЬДІ ҰШТЫ КЕҢ ҰЯҒА КЕЛТІРІП, ТОЛЫҚ
ЕНГІЗІҢІЗ.
Бұл өнім әрқашан жерге қосылған ауыспалы ток
розеткасына қосылуы тиіс.
Аппаратты ток көзінен ажырату үшін штепсельдік ұшты
розеткадан суырып алу керек, сондықтан розетка ыңғайлы
жерде орналасуы тиіс.

Бұл құрылғыға еш нәрсе тамбауы немесе шашырамауы
тиіс. Өнімге ваза сияқты сұйықтық құйылған бұйымдарды
қоймаңыз.
Құрылғыны толығымен өшіру үшін қуат ашасын
розеткадан суыру керек. Сондықтан, қуат ашасына
әрқашан қол жеткізу оңай болуы тиіс.


Розеткаларды немесе ұзартқыш сымдарды шамадан тыс
жүктемеңіз.
- Бұл апаттық қызу немесе өрт тудыруы мүмкін.
Су қолдарыңызбен қуат сымын қоспаңыз немесе
ажыратпаңыз.
Құралды қыздыру жабдығының жанына қоймаңыз.
Қуат ашасының жүздерін тазалау үшін, штепсельді
қабырғадағы розеткадан ажыратып, жүздерін құрғақ
матамен ғана сүртіңіз.
Қуат сымын күшпен тартпаңыз немесе тықпаңыз.
Айнымалы ток қуаты адаптерінің үстіне ауыр заттар
қоймаңыз.
Зақымдалған болса, айнымалы ток адаптерін
қолданбаңыз. Айнымалы ток адаптерін оның қуат
сымынан тарту арқылы ажыратпаңыз.
Қуат сымын осал немесе зақымдалған розеткаға
қоспаңыз.
Оның штепселі толығымен розеткаға жалғанатындай,
айнымалы ток адаптерінің штепселін қабырға
розеткасына толығымен кірістіріңіз.
- Қосылым тұрақты болмаса, өрт қаупі болады.

Қызу бөлетін немесе өрт шығаратын жабдықтың немесе
нысандардың (шырақтар, масаға қарсы спиралдар,
жылытқыштар, радиаторлар, т.б.) жанына құралды
орнатпаңыз. Күн сәулесі тікелей түсетін жерде
орнатпаңыз.
Құралды жылжытқан кезде, қуатты өшіріңіз және барлық
сымдарды (қуат сымын қосқанда) құралдан ажыратыңыз.
- Зақымдалған сым өрт және ток соғу қаупін туғызуы
мүмкін.
Жоғары ыстық немесе ылғалдық, шаң немесе қатты
салқын ортада құралды орнатпаңыз, бұл сапа
ақаулықтарына әкелуі немесе құралдың дұрыс жұмыс
істемеуін туғызуы мүмкін. Қалыпты жағдайдан тыс ортада
құралды орнатпас бұрын, қосымша ақпарат алу
мақсатында Samsung компаниясының қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
Сөреге, шкафқа немесе үстелге орнатқан кезде құралды
тігінен қойыңыз. Құралды тұрақсыз бетке қоймаңыз (мыс.,
орнықсыз сөре, қисайған үстел, т.б.).
- Құралды түсіріп алу оның дұрыс жұмыс істемеуін
немесе зақым қаупін туғызуы мүмкін. Қатты діріл
немесе соққы да құралдың дұрыс жұмыс істемеуіне
және өрт қаупіне әкелуі мүмкін.
Құралды айналасында желдетуге жеткілікті орын
қалатындай орнатыңыз.
- Құралдың артында кемінде 10 см және құралдың әрбір
қапталында 5 см-ден көбірек орын қалдырыңыз.
Пластмассадан жасалған орауыш материалдарды
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Балалардың пластикалық орауыш материалдармен
ойнауы қылғынып қалу қаупін туғызуы мүмкін.

Жоғары дыбыста ұзақ уақыт бойынша қолдану есту
мүмкіндігіне қатты зақым келтіруі мүмкін.
- Ұзақ уақыт бойына 85 дБ-ден қаттырақ дыбысты
тыңдасаңыз, естуге кері әсер етуіңіз мүмкін. Дыбыс
қаттырақ болған сайын, есітуге көбірек зақым келуі
мүмкін. Қалыпты сөйлесу 50 және 60 дБ арасында, ал
жолдағы шу шамамен 80 дБ болатынын ескеріңіз.
Бұл құралда қауіпті жоғары кернеу бар. Өзіңіз бөлшектеуге,
жөндеуге немесе өзгертуге әрекет жасамаңыз.
- Құралды жөндеу қажет болса, Samsung қызмет көрсету
орталығымен байланысыңыз.
Сұйықтық бар кез келген ыдысты құралдың үстіне қоймаңыз
(мыс., құмыра, сусын, косметика, химиялық заттар, т.б.).
Құралға (ауа желдеткіштері, кіру-шығу порттары, т.б.
арқылы) ешбір метал заттардың (мыс., тиындар, шаш
қыстырғыштар, т.б.) немесе жанатын заттардың (мыс.,
қағаз, сіріңке, т.б.) кіруіне мүмкіндік бермеңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать