Haier LET39C800HF [38/66] Ескертулер мен сақтандырулар

Haier LET39C800HF [38/66] Ескертулер мен сақтандырулар
KZ-36
Сұйықкристалды жарықдиодты теледидарды пайдалану жөніндегі нұсқаулықа
Қауіпсіздік бойынша ескертулер



Осы теледидар жұмысының барысында жоғары кернеу
пайдаланылады. Теледидар корпусының артқы бөлігін
ашпаңыз. Білікті мамандарға хабарласыңыз.

Өрт шығуына не электр тогының соғуына жол бермес үшін,
теледидарға жаңбыр немесе ылғал тигізбеңіз.

Теледидар корпусының жарықтары мен саңылауларына
бөгде заттарды түсірмеңіз және салмаңыз. Теледидарға
ешбір сұйықтықтың төгілуіне жол бермеңіз.

Артқы қақпақтағы желдеткіш саңылауларды жаппаңыз.
Электр деталдардың бұзылмауы үшін жеткілікті деңгейде
желдету болуы тиіс.

Қорек бауын теледидар астынан өткізбеңіз.

Теледидарға не оның түпқоймасына шығуға, сүйенуге не-
месе оларды кенеттен итеруге тыйым салынады. Сіз осы
мәселеге балалардың назарын баса аударуыңыз қажет.
Теледидар құлаған жағдайда ауыр жарақаттауы мүмкін.

Теледидарды орнықсыз бетке, түпқоймаға, штатив-
ке, кронштейнге немесе үстелге орнатпаңыз. Құрылғы
құлап қалуы мүмкін, бұл бұйымның зақымдалуына не
жарақатқа апарып соғуы ықтимал.

Теледидарды ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз,
қорек бауын розеткадан ажыратуға кеңес беріледі.

Егер теледидар қорапқа не сол сияқты корпусқа орнатыл-
са, онда ең аз арақашықтық қамтамасыз етілуі тиіс. Ысып
кету теледидардың қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін,
сондай-ақ, қауіпті болуы ықтимал.

Содержание

Похожие устройства

Скачать