Panasonic TX-50GXR700 [29/52] Маңызды ескертпе

Panasonic TX-50GXR700 [29/52] Маңызды ескертпе
Қазақша
3
Маңызды ескертпе
DVB / Деректер тарату / IPTV функциялары
бойынша ескертпелер
Бұл теледидар DVB-T / T2 (MPEG2, MPEG4-AVC(H.264)
жəне MPEG HEVC(H.265)) сандық жердегі қызметтерінің,
DVB-C (MPEG2, MPEG4-AVC(H.264) жəне MPEG
HEVC(H.265)) сандық кабельдік қызметтердің жəне DVB-S
(MPEG2, MPEG4-AVC(H.264) жəне MPEG HEVC(H.265))
сандық жерсерік қызметтерінің (2017 жылдың тамызындағы
жай-күйі бойынша) стандарттарына сəйкес жасалған.
DVB-T / T2 немесе DVB-S қызметтерінің аймағыңыздағы
қол жетімділігі туралы жергілікті дилерден сұраңыз.
Бұл теледидарда DVB-C қызметтерінің қол жетімділігі
туралы кабельдік телевизия қызметтерін көрсетушіден
сұраңыз.
Бұл теледидар DVB-T / T2, DVB-C немесе DVB-S
стандарттарына сəйкес келмейтін сигналмен дұрыс жұмыс
істемеуі мүмкін.
Елге, аймаққа, таратушыға, қызмет жеткізушісіне, жерсерік
жəне желі ортасына байланысты мүмкіндіктердің барлығы
бірдей қолжетімді болмайды.
CI модульдерінің барлығы бұл теледидармен тиісінше
жұмыс істей алмайды. Қолжетімді CI модульдері туралы
қызмет жеткізушісінен кеңес алыңыз.
Бұл теледидар қызмет жеткізушісі мақұлдамаған CI
модулімен дұрыс жұмыс істей алмауы мүмкін.
Қызмет жеткізушісіне байланысты қосымша ақы алынуы
мүмкін.
Болашақтағы қызметтермен үйлесімділігіне кепілдік
берілмейді.
Интернет бағдарламаларын тиісті қызмет провайдерлері
қамтамасыз етеді жəне олар кез келген уақытта өзгертілуі,
үзілуі немесе тоқтатылуы мүмкін.
Panasonic компаниясы қызметтердің қолжетімділігі немесе
үздіксіздігі үшін ешқандай жауапкершілік алмайды жəне
ешқандай кепілдік бермейді.
Panasonic компаниясы басқа өндіруші жасаған перифералды
құрылғылардың жұмыс істеуіне жəне өнімділігіне кепілдік
бермейді; жəне осындай перифералды құрылғыларды
жасаушыларды пайдаланудың жұмыс істеуінің жəне
өнімділігінің себебіне байланысты болған зақымданулар мен
кез келген міндеттемелерге жауапты емес.
Тұтынушы туралы ақпараттың қолданылуы
Panasonic брендінің смарт теледидарын (осы теледидарды)
немесе басқа құрылғыларды интернетке қосқан кезде,
құрылғының (осы теледидардың) желілік интерфейсінің
IP мекенжайы сияқты тұтынушы туралы (құпиялылық
саясатымызға сəйкес) белгілі бір ақпарат жиналады. Бұл
тұтынушыларды жəне Қызметтің тұтастығын қорғау жəне
сондай-ақ Panasonic компаниясының меншік құқығын қорғау
үшін жасалады. Ақпаратыңыздың осы мəнмəтінде өңделуі
туралы толығырақ мəлімет алғыңыз келсе, [eHELP] (Мақсаты
бойынша іздеу > Желі > Желілік параметрлері > Пользоват.
соглаш. и настройки) бөліміндегі құпиялылық саясатының
толық нұсқасын оқып шығыңыз.
Panasonic компаниясының қызмет көрсету шарттарына/
құпиялылық туралы саясат талаптарына (əрі қарай шарттар
мен талаптар жəне т.б.) келісім бергеннен кейін, осы
теледидардың Интернетке қосылу функциясын пайдаланған
кезде, осы құрылғыны пайдалануға қатысты тұтынушы туралы
ақпарат шарттар мен талаптарға сəйкес жиналуы жəне
пайдаланылуы мүмкін.
Қызмет көрсету шарттары/құпиялылық саясаты туралы
толығырақ мəлімет алу үшін [eHELP] (Мақсаты бойынша
іздеу > Желі > Желілік параметрлері > Пользоват. соглаш. и
настройки) бөлімін қараңыз.
Тұтынушының жеке ақпараты осы теледидардағы хабар
тарату ұйымы немесе бағдарлама провайдері арқылы
жазылуы мүмкін. Осы теледидарды жөндеу, тасымалдау
немесе тастау алдында, осы теледидарға жазылған барлық
ақпаратты мына рəсімге сəйкес өшіріңіз.
[eHELP] (Мақсаты бойынша іздеу > Функциялар > Начальные
установки).
Тұтынушы туралы ақпаратты провайдер осы теледидардағы
немесе веб-сайттағы үшінші тараптар ұсынған бағдарлама
арқылы жинауы мүмкін. Провайдердің шарттары мен
талаптарын алдын ала растаңыз.
Panasonic компаниясы тұтынушы ақпаратының осы
теледидардағы немесе веб-сайттағы үшінші тарап ұсынған
бағдарлама арқылы жиналуына немесе пайдаланылуына
жауапты болмайды.
Несие картасының нөмірін, атын жəне т.б. ақпаратты
енгізген кезде, провайдердің сенімділігіне ерекше назар
аударыңыз.
Тіркелген ақпарат провайдердің серверінде жəне т.б.
орындарында тіркелуі мүмкін. Осы теледидарды жөндеу,
тасымалдау немесе тастау алдында, провайдердің
шарттары мен талаптарына сəйкес ақпаратты өшіруді
ұмытпаңыз.
Бұл өнім AVC патенттік жинағының лицензиясы бойынша жеке
жəне коммерциялық емес мақсатта қолданушы тарапынан (i)
бейне файлды AVC стандартына («AVC бейне») сай ширфлау
жəне/немесе (ii) жеке жəне коммерциялық емес əрекет
жасайтын тұтынушы арқылы шифрланған жəне/немесе AVC
бейне өнімді ұсыну лицензиясы бар бейне өнім провайдерінен
алынған AVC бейне файлдың шифрін бұзу үшін беріледі.
Лицензия басқа мақсатқа берілмейді немесе берілген боп
есептелмеуі тиіс.
Қосымша ақпаратты MPEG LA, LLC компаниясынан алуға
болады.
http://www.mpegla.com сайтын қараңыз.
TX-40_50GXR700_KK.indb 3TX-40_50GXR700_KK.indb 3 13/5/2019 3:06:12 PM13/5/2019 3:06:12 PM

Содержание

Похожие устройства

Скачать