Polaris PCH 1074Wr [15/20] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар

Polaris PCH 1074Wr [15/20] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
15
Аталмыш құрал құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның
нұсқаулығы жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі
мен тәжірибесі жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар
тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған.
Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Құралды желілік сымнан ұстап тасымалдауға болмайды. Сондай-ақ, желілік сымнан ұстап
желіден ажыратуға тыйым салынады. Құралды желіден ажыратқанда штепсельді ашадан
ұстаңыз.
Пайдаланып болғаннан кейін, электрмен қоректендіру сымын құралды айналдыра орауға
болмайды, себебі, уақыт өте келе бұл сымның үзілуіне әкеп соғуы мүмкін. Қашанда сақтау
үшін сымды жақсылап тарқатыңыз.
Сымды тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана ауыстыра
алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге
ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Бөлме жылытқышы жұмыс жасап тұрған кезде оны ешнәрсемен жабуға мүлдем болмайды.
Өрт болдырмас үшін жылытқышты орнатар кезде есте сақтаңыз, басқа заттардың аралығы
құрылғының алдыңғы торынан, сонымен қатар, құрылғының артқы және де екі жағынан кем
дегенде 1 м қашықтықта болуы шарт.
Жылытқыштың алдыңғы торы жұмыс кезінде қатты қызады. Оны ұстамаңыз.
Құралды қолданбасаңыз немесе оны тазарту алдында штепсель ашасын розеткадан
ажыратыңыз.
Құралды оның желілі сымын және ашасын суға немесе басқа сұйықтыққа батырып, салуға
мүлдем болмайды.
Балаларға бөлме жылытқышпен ойнауға не өз бетінше пайдалануға болмайды.
Бөлме жылытқышқа қол не аяқ саусақтарыңызды тигізбеңіз немесе метал заттарды салмаңыз.
Желілі сымды тарту, байлап орауға, бұрауға болмайды немесе оған басқаша зақым келтірмеңіз.
Құралда арнайы желелі сым орнатылған және ол тек қана қызмет көрсету орталығының
мамандары арқылы ауыстырылады, себебі оны ауыстыруға арнайы құралдар қолданылады.
Электр құралдарының жөндеу жұмыстарын тек қана арнайы дайындалған электр маманы ғана
жасай алады. Жөндеу жұмыстары дұрыс атқарылмаса пайдаланушыға айтарлықтай қауіп
төндіреді.
Бөлме жылытқышының желілі сымы зақымдалса, құрылғы жұмыс барысында тоқтап қалса,
немесе оған сұйықтық тамса, сондай-ақ, басқа да ақаулық туындаса оны қолданбаңыз.
Ақаулықтар бар екеніне күмән туған жағдайда, бөлме жылытқышын қызмет көрсету орталығына
тексеруге, жөндеуге немесе оның функцияларын реттеу үшін жеткізіңіз.
Скачать