Polaris PCH 2083 Retro [17/22] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар

Polaris PCH 2083 Retro [17/22] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
17
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқалы қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Бөлме жылытқышы жұмыс жасап тұрған кезде оны ешнәрсемен жабуға мүлдем болмайды.
Өрт болдырмас үшін жылытқышты орнатар кезде есте сақтаңыз, басқа заттардың аралығы
құрылғының алдыңғы торынан, сонымен қатар, құрылғының артқы және де екі жағынан кем
дегенде 1 м қашықтықта болуы шарт.
Жылытқыштың алдыңғы торы жұмыс кезінде қатты қызады. Оны ұстамаңыз.
Құралды қолданбасаңыз немесе оны тазарту алдында штепсель ашасын розеткадан
ажыратыңыз.
Құралды, яғни бөлме жылытқышты, оның желілі сымын және ашасын суға немесе басқа
сұйықтыққа батырып, салуға мүлдем болмайды.
Балаларға бөлме жылытқышпен ойнауға не өз бетінше пайдалануға болмайды.
Бөлме жылытқышқа қол не аяқ саусақтарыңызды тигізбеңіз немесе метал заттарды салмаңыз.
Желілі сымды тарту, байлап орауға, бұрауға болмайды немесе оған басқаша зақым келтірмеңіз.
Құралда арнайы желелі сым орнатылған және ол тек қана қызмет көрсету орталығының
мамандары арқылы ауыстырылады, себебі оны ауыстыруға арнайы құралдар қолданылады.
Электр құралдарының жөндеу жұмыстарын тек қана арнайы дайындалған электр маманы ғана
жасай алады. Жөндеу жұмыстары дұрыс атқарылмаса пайдаланушыға айтарлықтай қауіп
төндіреді.
Бөлме жылытқышының желілі сымы зақымдалса, құрылғы жұмыс барысында тоқтап қалса,
немесе оған сұйықтық тамса, сондай-ақ, басқа да ақаулық туындаса оны қолданбаңыз.
Ақаулықтар бар екеніне күмән туған жағдайда, бөлме жылытқышын қызмет көрсету орталығына
тексеруге, жөндеуге немесе оның функцияларын реттеу үшін жеткізіңіз.
Құралдың сипаттамасы

Содержание

Похожие устройства

Скачать