Philips FC8710 [22/48] Қазақша

Philips FC8710 [22/48] Қазақша
Ақаулықтарды жою
Бұл тарауда осы құрылғыда ең жиі кездесетін мәселелер жинақталған. Төмендегі ақпараттың
көмегімен мәселені шеше алмасаңыз, жиі қойылатын сұрақтар тізімін көру үшін
www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе еліңіздегі Тұтынушыларды қолдау
орталығына хабарласыңыз.
Проблема Себебі Шешімі
Қосу/өшіру
қосқышын
басқанда, робот
тазалауды
бастамайды.
Қайта зарядталатын
батарея қуаты
таусылған.
Зарядталмалы батареяны зарядтаңыз
(«Пайдалануға дайындау» тарауын қараңыз).
Шағын аша роботтағы
ұяшыққа әлі қосылған.
Робот желі қуатынан жұмыс істемейді. Ол тек
өзінің зарядталатын батареясынан жұмыс
істейді. Сондықтан, пайдалану алдында әрқашан
адаптерді роботтан және желіден ажыратыңыз.
Ескерту
индикаторы
жылдам
жыпылықтайды.
Дөңгелектердің біреуі
немесе екеуі де тұрып
қалған.
Қуат қосқышын «өшірулі» күйіне қойыңыз.
Дөңгелек аспасының айналасында ұсталып
қалған мамықты, шашты, жіптерді немесе
сымдарды кетіріңіз.
Бүйірлік щеткалардың
біреуі немесе екеуі де
тұрып қалған.
Бүйірлік щеткаларды тазалаңыз
(«Тазалау және күту» тарауын қараңыз).
Үстіңгі қақпақ жоқ
немесе дұрыс
жабылмаған.
Үстіңгі қақпақ жоқ немесе дұрыс жабылмаған
болса, робот жұмыс істемейді. Роботқа үстіңгі
қақпақты дұрыс қойыңыз.
Буфер тұрып қалды. Қосу/өшіру түймесін басыңыз. Буфері босауы
үшін роботты көтеріңіз. Роботты кедергіден
біраз қашықтықта қойып, тазалауды жалғастыруы
үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Робот тазалау кезінде
көтерілді.
Қосу/өшіру түймесін басыңыз. Роботты еденге
қойыңыз. Содан кейін робот тазалауды
жалғастыруы үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.
Робот дұрыстап
тазаламайды.
Бір немесе екі бүйірлік
щеткалардың
қылшықтары майысқан.
Щетканы немесе щеткаларды біраз уақытқа суға
салып қойыңыз. Егер бұл талшықтардың дұрыс
пішінін қалпына келтірмесе, бүйірлік щеткаларды
ауыстырыңыз («Ауыстыру» тарауын қараңыз).
Шаң контейнеріндегі
сүзгі лас.
Шаң контейнеріндегі сүзгіні шүберекпен
немесе қылдары жұмсақ тіс щеткасымен
тазалаңыз.
Сүзгіні тазалау үшін щеткалау көмектеспесе,
сүзгіні жаңасымен ауыстырыңыз. Сүзгіні жылына
кемінде бір рет ауыстыруға кеңес береміз.
Шаң контейнерінің
түбіндегі сору саңылауы
бітелген.
Сору саңылауын тазалаңыз («Тазалау және
күту» тарауын қараңыз).
22
ҚАЗАҚША
Скачать