Electrolux EN 93601 JW (JX) [8/60] Мұздатылған тағамды сақтау

Electrolux EN 93601 JW (JX) [8/60] Мұздатылған тағамды сақтау
5.2 Мұздатылған тағамды
сақтау
Құрылғыны жаңа іске қосарда не біраз
уақыт пайдаланбай барып іске қосқан
кезде, тағамды камераға салмай
тұрып, құрылғыны кем дегенде 2
сағатқа қосыңыз.
Мұздатқыштың тартпалары тағам
орамдарын жылдам және оңай табуға
мүмкіндік береді. Егер тағамды көп
мөлшерде сақтау керек болса, ауаның
жақсы алмасуын қамтамасыз ететін
астыңғы тартпадан басқа
тартпалардың барлығын алыңыз.
Сөрелердің барлығына есіктен 15 мм
шығып тұратын тағам салуға болады.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Мысалы, электр қуаты
өшіп қалып құрылғы мұзы
кездейсоқ жібіп кетсе және
электр қуаты, техникалық
параметрлер кестесінің
"температураның
жоғарылау уақыты"
бөлімінде көрсетілген
шамадан да ұзақ уақыт жоқ
болса, тағамды дереу
тауысу не пісіріп барып
қайта тоңазыту керек
(салқындатқан соң).
5.3 Жібіту
Қатты мұздатылған немесе
мұздатылған тағамды пайдалану
алдында уақыттың мүмкіншілігіне
қарай, мұздатқыш бөлікке салып
немесе бөлме температурасында
жібіту керек.
Кішкене тағамдарды мұздатқыштан
алған бетте тура пісіре беруге болады.
бұндай жағдайда пісіру ұзаққа
созылады.
5.4 Есіктің сөрелерін
орналастыру
Әр түрлі мөлшерде оралған
тағамдарды орналастыру үшін есіктегі
сөрелерді түрлі биіктікке қоюға
болады.
1. Сөрені көрсеткі бағытымен
біртіндеп орнынан алынғанша
тартыңыз.
2. Қажетінше басқа деңгейге
салыңыз.
1
2
Ауа дұрыс айналып
тұру үшін, есіктің
астыңғы сөресін
жылжытпаңыз.
5.5 Жылжымалы сөрелер
Тоңазытқыштың қабырғалары
сөрелерді қалауыңызша
орналастыруға арналған бірнеше
тіректермен жабдықталған.
Кейбір сөрелерді алу үшін, шет
жағынан ұстап көтеру керек.
Ауаның дұрыс айналуын
қамтамасыз ету үшін,
көкөніс салынатын
суырманың бетіндегі шыны
сөрені алмаңыз.
www.electrolux.com8

Содержание

Похожие устройства

Скачать