Electrolux EN 93855 MW [7/48] Іске қосу

Electrolux EN 93855 MW [7/48] Іске қосу
Тоңазытқыш немесе
мұздатқыш бөлікті
таңдағаннан кейін
жандану басталады
Температураны
таңдағаннан кейін
жанданған белгі бірнеше
минут жыпылықтайды.
3.2 Іске қосу
Ашаны розеткаға сұғыңыз
1. Бейнебет сөніп тұрса, ON/OFF
түймешігін басыңыз.
Температура индикаторлары
орнатылған әдепкі температураны
көрсетеді.
2. Бірнеше секундтан кейін ескерту
құралынан сигнал естілуі мүмкін.
Ескерту құралын бастапқы
қалпына қайтару үшін "Жоғары
температураны ескерту" тарауын
қараңыз.
Егер бейнебетте "DEMO"
көрсетілсе, құрылғы демо-режимде
тұр. "Ақаулықты түзету..." тарауын
қараңыз.
Орнатылған басқа
температураны таңдау
үшін "Температураны
реттеу" тарауын қараңыз.
3.3 Сөндіру
ON/OFF түймешігін 3 секунд басыңыз.
Бейнебет сөнеді.
Құрылғыны электр желісінен ағыту
үшін ашаны розеткадан суырыңыз.
3.4 Тоңазытқышты іске қосу
Тоңазытқышты іске қосу үшін
тоңазытқыш бөліктің түймешігін
басыңыз.
Тоңазытқыш OFF индикаторы сөнеді.
Орнатылған басқа
температураны таңдау
үшін "Температураны
реттеу" тарауын қараңыз.
3.5 Тоңазытқышты сөндіру
Тоңазытқышты сөндіру үшін
тоңазытқыш бөліктің түймешігін
бірнеше секунд басыңыз.
Тоңазытқыш OFF индикаторы
көрсетіледі.
3.6 Температураны реттеу
1. Тоңазытқыш немесе мұздатқыш
бөлікті таңдаңыз.
2. Температураны орнату үшін
температура түймешігін басыңыз.
3. Орнатылған әдепкі температура:
тоңазытқыш үшін +4°C, мұздатқыш
үшін -18°C.
Таңдалған температура 24 сағат
ішінде орнайды.
Температура индикаторлары
орнатылған температураны көрсетеді.
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура
сақтаулы қалады.
3.7 Жоғары температураны
ескерту
Мұздатқыш камераның ішіндегі
температураның жоғарылағаны
(мысалы, электр қуаты өшкенде
немесе есік ашық кезде) төмендегідей
көрсетіледі:
ескерту сигналы мен мұздатқыш
температурасының индикаторлары
жыпылықтайды;
дыбыстық сигнал естіледі.
Ескерту сигналын бастапқы қалпына
қою үшін кез келген түймешікті
басыңыз.
Дыбыстық сигнал ажыратылады.
Мұздатқыш температурасының
индикаторы ең жоғары температураны
бірнеше секунд көрсетеді. Содан кейін
қайта орнатылған температураны
көрсетеді.
Ескерту индикаторы қалыпты жағдай
қалпына келгенше жыпылықтауын
жалғастырады.
Ескерту сигналы тоқтаған
кезде, ескерту индикаторы
сөнеді.
ҚАЗАҚ 7

Содержание

Похожие устройства

Скачать