Electrolux ENN 92800 AW [10/52] Жалпы ескертулер

Electrolux ENN 92800 AW [10/52] Жалпы ескертулер
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Жалпы ескертулер
АБАЙЛАҢЫЗ
Қандай да бір жөндеу
жұмысын орындау
алдында, құрылғыны
сөндіріңіз.
Құрылғының
салқындатқыш жүйесінде
көмірсутек бар; жөндеу
және оны қайта толтыру
жұмыстарын тек уәкілетті
маман ғана іске асыруға
тиіс.
Құрылғының керек-
жарақтары мен
бөлшектерін ыдыс жуғыш
машинамен жууға
болмайды.
6.2 Мерзімді тазалау
АБАЙЛАҢЫЗ
Камераның ішіндегі түтікше
немесе сымдардың
ешқайсысын тартуға,
қозғауға немесе бүлдіруге
болмайды.
АБАЙЛАҢЫЗ
Салқындатқыш жүйені
бүлдіріп алудан
сақтаныңыз.
АБАЙЛАҢЫЗ
Корпусты жылжытқан
кезде, еденді сызып кетпес
үшін алдыңғы жағынан
көтеріңіз.
Құрылғыны жиі тазалап отыру керек:
1. Құрылғының іші мен керек-
жарақтарын, аздап бейтарап
сабын қосылған жылы сумен
жуыңыз.
2. Есіктің тығыздағыштарын
уақытылы тексеріп, қоқыстарын
тазалап отырыңыз.
3. Шайыңыз да, жақсылап
құрғатыңыз.
4. Егер қол жетімді болса,
құрылғының артында орналасқан
конденсат құрылғысы мен
компрессорды шөткемен
тазалаңыз.
Желдеткіш торды бұлай тазалау
құрылғының жұмысын жақсартып,
электр қуатын тұтынуды азайтуға
көмектеседі.
6.3 Тоңазытқыштың мұзын
еріту
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрса,
қырау тоңазытқыш камерадағы
буландырғыштан, мотор компрессоры
тоқтаған сайын автоматты түрде
шығарылады. Еріген су науа арқылы
құрылғының артқы жағында, мотор
компрессорының үстінде орналасқан
арнайы сауытқа жиналады да, сол
жерде буға айналады.
Жиналған су ағып, тоңазытқыштағы
тағамға тамшыламас үшін тоңазытқыш
бөліктегі науаның ортасындағы еріген
су ағатын саңылауды мезгіл-мезгіл
тазалап тұрған маңызды.
www.electrolux.com10

Содержание

Похожие устройства

Скачать