Electrolux ERF 3301 AOW (AOX) [8/56] Shoppingmode

Electrolux ERF 3301 AOW (AOX) [8/56] Shoppingmode
Электр қуаты үзіліп қалса,
орнатылған температура
сақтаулы қалады.
4.5 ShoppingMode
Жылы тағамды көп мөлшерде,
мысалы, азық-түлік дүкенінен келген
бетте салғыңыз келсе, тағамдарды
барынша тез тоңазыту үшін, әрі
тоңазытқыштағы басқа тағамдар жібіп
кетпеу үшін ShoppingMode
функциясын қосуды ұсынамыз.
ShoppingMode функциясы шамамен 6
сағаттан кейін автоматты түрде өшеді.
Функция тоңазытқыштың
басқа орнатылған
температурасын таңдаған
кезде ажыратылады.
1. Функцияны іске қосу үшін Mode
түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
2. Функцияны автоматты түрде сөніп
қалмай тұрып өшіру үшін Mode
түймешігін арнайы белгілердің
ешбірі көрінбей кеткенше басыңыз
немесе Mode түймешігін басып
басқа функцияны таңдаңыз.
4.6 Holiday режимі
Бұл функция ұзақ демалысқа кеткен
кезде жағымсыз иіс пайда болдырмай,
тоңазытқышты жабық әрі бос ұстауға
мүмкіндік береді.
Holiday функциясы іске
қосулы тұрғанда,
тоңазытқыш бөлік бос
болуға тиіс.
1. Функцияны іске қосу үшін Mode
түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
Holiday индикаторы жанады.
Тоңазытқыш температурасының
индикаторы орнатылған
температураны көрсетеді.
2. Функцияны сөндіру, басқа
функцияны таңдау үшін Mode
түймешігін басыңыз немесе тиісті
белгілердің ешқайсысы көрінбей
кеткенше Mode түймешігін
басыңыз.
Holiday индикаторы сөнеді.
Функция тоңазытқыштың
басқа орнатылған
температурасын таңдаған
кезде ажыратылады.
4.7 EcoMode
Тағамды барынша оңтайлы сақтау
үшін EcoMode режимін таңдаңыз.
1. Функцияны іске қосу үшін Mode
түймешігін тиісті белгі
көрсетілгенше басыңыз.
Температура индикаторы тоңазытқыш
үшін: +4°C
2. Функцияны сөндіру, басқа
функцияны таңдау үшін Mode
түймешігін басыңыз немесе тиісті
белгілердің ешқайсысы көрінбей
кеткенше Mode түймешігін
басыңыз.
Функция басқа
орнатылған
температураны
таңдаған кезде
ажыратылады.
4.8 “Есік ашық” ескерту
сигналы
Есік бірнеше минут ашық қалса,
дыбыстық сигнал естіледі. Есіктің
ашық тұрғандығы төмендегі белгі
арқылы көрсетіледі:
ескерту индикаторы
жыпылықтайды;
дыбыстық сигнал.
Қалыпты жұмыс режимі орнағаннан
кейін (есік жабылғанда) дыбыстық
сигнал өшеді. Ескерту сатысында кез
келген түймешікті басып ескерту
сигналын ажыратуға болады.
www.electrolux.com8

Содержание

Похожие устройства

Скачать