Hansa OKP 622 MBH (MH) [17/48] Vi қызмет көрсету және күту

Hansa OKP 622 MBH (MH) [17/48] Vi қызмет көрсету және күту
17

Құрылғыны тұрақты түрде күту және тазалау құрылғының кідіріссіз жұмыс істеуін қамтамасыз
етеді және оны пайдалану қызметін ұзартады. Майды жұтуға арналған сүзгілер мен
көмірсүзгілері дайындаушы нұсқауларындағыдай тазаланып, ауыстырылуына ерекше назар
аудару керек.

1. Тазалау
Сорып шығарушының қалыпты жұмыс істеуі кезінде (тиімділік жағынан), майсыздандырушы сүзгі әр ай сайын
тазалануы тиіс. Майсыздандырушы сүзгіні ыдыс жуғыш машинасында немесе қолмен жуу қажет, жуу үшін
бейтарап жуғыш заттарын немесе сұйық сабынды пайдалану қажет.
2. Сүзгіні ауыстыру (5-сурет)
Сүзгіні келесі әдіспен шешу қажет:
а) құлыптың бекітушілерін босату қажет;
б) алюминийлі майсыздандырушы сүзгіні телескоптық өткізгіштен шығару қажет.


Көмір сүзгісі сорып шығарушы ауа желдеткіш каналына қасылып тұрған жағдайларда ғана
қолданылады.
Белсендірілген көмірі бар сүзгінің иісті өзінің толыққанынша жұтып алу қабілеті бар. Оны жууға
және қалпына келтіруге жол берілмейді, ол айына бір немесе екі рет ауыстырылуы тиіс, немесе
одан да жиі – тек қана егер сорып шығарушы белсенді пайдаланылған боған жағдайларда.

а) майсыздандырушы металл сүзгілерді шығарыңыз (5-сурет),
б) қозғалтқышқа ауаның жіберілуінің кіру торларына иілген бетімен көмір сүзгілерін қою қажет,
в) сүзгілерді шығып тұрған ұштарға орап қою қажет,
г) алюминийлі майсыздандырушы сүзгілерді қайта орнату қажет.

Жарықтандыру жүйесі қуаты 20 Вт екі галоген лампчокадан тұрады.
Лампочкаларды ауыстыру үшін:
a) оны ұстап тұрып, жалпақ құрал немесе бұрағыш арқылы сыртқа шығарып, галогеннің қапсырма
шынысының шығыршығын іліп алу керек (7-сурет)
b) Лампочканы шүберек немесе қағазбен ұстап тұрып ауыстырыңыз.
c) Онан соң кері кезектілік операциясын орындай отырып, шығыршықты шынысымен бірге орнына қойыңыз.
Ескертпе: Галоген лампочкаларға саусағыңыз тиіп кетпеуін қадағалаңыз!

Сору құрылғысын қалыпты тазалар алдында мынадай әрекеттерді жасамау керек:
Суға батырылған шүберек немесе губканы, су ағынын қолданбау.
Еріткіш немесе алкоголь қолданбау, олар лакталған беткі жағынының көмескіленуіне әкеледі.
Әсіресе тоттанбайтын материалдан жасалған беткі жақтарына ойып түсетін заттектерді қолданбау.
Қатты және бұдыр шүберекті пайдаланбау.
Тазалау үшін ылғал шүберек пен бейтарап құралдарды қолдану ұсынылады.
Алюминий май сүзгісін ай сайын тазарту керек - жұмсақ детергентті немесе сұйық сабынды
пайдалана отырып қолмен немесе ыдыс жуатын машинада (60°C-қа дейін). Ыдыс жуатын
машинада бірнеше рет жуғаннан кейін алюминий сүзгінің түсі өзгеруі мүмкін. Түсінің өзгеруі
сүзгінің ақауы болып табылмайды және ауыстыруды қажет етпейді.

KZ

Содержание

Скачать