Maxwell MW-4002 B [25/40] Қазақ

Maxwell MW-4002 B [25/40] Қазақ
ҚАЗАҚ
25
Жан-жағыңыздағы адамдардың тыныштығын
бұзбау үшін тыңдағыштар арқылы деңгейі
жоғары дыбысты жаңғыртпаңыз.
Есту қабілетін азайтпау үшін магнитоланы
тыңдағыштар арқылы тыңдау кезінде жоғары
дыбыс деңгейін орнатпаңыз, дəрігерлер
магнитоланы жоғары дыбыс деңгейінде
ұзақ үздіксіз тыңдауды ұсынбайды, егер сіз
құлағыңызда ызың естісеңіз, дыбыс деңгейін
зайтыңыз немесе тыңдауды доғарыңыз.
Құрылғыға майшам сияқты, ашық от көздерін
қоймаңыз.
Құрылғы қорабындағы саңылаулар арқылы
қандай да бір бөтен заттардың түсуіне жол
бермеңіз, бұл құрылғының өртенуіне жəне
электр тоғымен зақымдануға əкелуі мүмкін.
Электр тоғы соққысын болдырмау үшін
құрылғы қорабын өз бетіңізбен ашпаңыз.
Құрылғыны жөндемеңіз жəне оған өзгертулер
енгізбеңіз. Қызмет көрсету орталықтарының
білікті мамандары ғана сервистік қызмет
көрсетуді жүзеге асыруы керек.
Жөндеуді қажет ететін бұзылулар
Төменде сипатталған жағдайларда құрылғыны
розеткадан ажырату жəне құрылғыны жөндеу
үшін білікті қызмет көрсетушілерге хабарласу
қажет:
Желілік баудың немесе айыр тетіктің
бұзылуы
Құрылғыға бөтен заттар түсуі.
Құрылғының жаңбырдың астына түсуі
немесе оған су төгілуі.
Құрылғы дұрыс істемейді.
Құрылғы құлауы немесе қандай да бір басқа
жолмен бұзылуы.
Құрылғының күтімі
Тазарту алдында құрылғыны сөндіріңіз жəне
розеткадан ажыратыңыз. Құрылғыны тазалау
үшін жұмсақ дымқыл шүберекті пайдаланыңыз.
Бұл мақсаттарға қажайтын заттарды жəне
еріткіштерді пайдалануға тыйым салынады.
Дискілер күтімі
-Шытынаған немесе деформацияланған
дискілерді пайдаланбаңыз, бұл құрылғының
бұзылуына əкелуі мүмкін.
-Дискілерді тек шеттерінен ұстаңыз. Дискінің
жұмыс бетіндегі шаң, сызат немесе саусақ
іздері оның істен шығуына əкелуі мүмкін.
-Дискілерді тікелей күн сəулелерінің,
жылу көздерінің, жоғары температура мен
ылғалдылықтың əсеріне ұшыратпаңыз.
-Пайдаланғаннан кейін дискіні сауытқа
салып сақтаңыз. Дискінің жұмыс бетін жұмсақ
шүберекпен ортасынан шетіне қарай тұрақты
сүртіп тұрыңыз.
Жұмысты бастау алдында
Құрылғыны ораудан шығарыңыз. Пайдалануды
бастау алдында қақпақты (7) ашыңыз жəне
қорғайтын қыстырманы шығарыңыз, қапақты
(7) жабыңыз.
Магнитоланың жұмысына кедергі болатын,
құрылғының жоғарғы жəне беткі жағындағы
барлық жарнамалық жапсырмаларды
жойыңыз.
СИПАТТАМАСЫ
Электр желісіне қосылуға арналған ұя1.
Ықшам дискілерге арналған бөлік қақпағы2.
Телескопиялық FM –антенна3.
Радионы баптау бағаны4.
FM ST стерео сигнал көрсеткіші5.
Батареялық бөлік қақпағы6.
3,5мм тыңдағыштарды қосуға арналған ұя7.
8. FUNCTION (CD / OFF / RADIO) құрылғы
жұмысы режимдерінің ауыстырғышы
9. VOLUME дыбыс деңгейін реттеу тұтқасы
Үндеткіштер 10.
11.
/ дейінгі/кейінгі трекке көшу батырмасы
12. PROG +10 батырмасы
13. STOP ■ жаңғыртуды тоқтату батырмасы
СК-дисплей14.
15. PLAY/PAUSE/FUNCTION жаңғырту/тоқтата
тұру ►║ жəне USB/SD режиміне өту
батырмасы
16. REP қайталап жаңғырту батырмасы
17. TUNING баптау тұтқасы
BAND (AM / FM / FM ST) ауқымдар 18.
ауыстырғышы
USB ақпарат таспасын қосуға арналған 19.
ағытпа
SD жад карталарын қосуға арналған ағытпа20.
ҚОРЕКТЕНДІРУДІ ҚОСУ
Желіден қоректендіру
Құрылғыны желіге қосар алдында, электр
желісіндегі кернеудің құрылғының жұмыс істеу
кернеуіне сəйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз
- Құрылғыны желіге қосу үшін желілік баудың
бір шетін ұяға (1), ал екінші шетін ашалыққа
қосыңыз.
- FUNCTION ауыстырғышын (8) CD немесе
RADIO күйіне орнатыңыз.
4002IM.indd 254002IM.indd 25 30.05.2011 16:11:3730.05.2011 16:11:37

Содержание

Похожие устройства