Polaris PCM 4011 Brilliant Collection [51/57] Құралды тасымалдау және сақтау жөніндегі шарттар

Polaris PCM 4011 Brilliant Collection [51/57] Құралды тасымалдау және сақтау жөніндегі шарттар
51
электр қосылысына тамып кетпеуін әрдайым қадағалаңыз.
Құралдың сыртқы жағын жұмсақ ылғал шүберекпен сүртіңіз. Құралды тазарту үшін абразивті және
агрессивті тазарту құрылғылары мен органикалық ерітінділерді пайдалануға тыйым салынады.
Сүзгінің тұтқышын шешіп алыңыз, сүзгіден кофенің қалдықтарын алып тастаңыз. Сүзгінің тұтқышын
және сүзгіні ағын жылы судың астына қойып жуыңыз, осы аталған бөлшектерді тек қана жұмсақ,
түктері жоқ матамен немесе ысқыштың көмегімен құрғатып сүртіңіз. (Сүзгінің ішкі саңылаула-
рын қарап шығыңыз, егер олар бітеліп қалған жағдайда майда қалшықпен тазартыңыз (құралдың
жиынтығына қоса кірмейді).
Сүзгінің тұтқышы орналасқан орының ылғал шүберекпен немесе ысқышпен сүртіп, тазартыңыз.
Егер құрал капучино кофені дайындау үшін пайдаланған болса, онда каппуччино кофені әзірлеуге
арналған қондырманы (4) бу шығаратын шүмегінің түтігінен шешіп алу қажет, оны жылы сумен
жуыңыз және жұмсақ матамен құрғатып сүртіңіз. Бу шығаратын шүмегінің түтігін тазарту бары-
сында, оны кофеқайнатқыштан шешпей, оның бетіндегі кеуіп, жабысып қалған сүттің қалдықтарын
жою үшін, дымқыл матамен немесе ысқыштың көмегімен сүртіңіз.
Сусын тамшыларын жинауға арналған түпқоймасын шешіп алыңыз, жиналған сұйықтықты төгіп
тастаңыз, содан кейін оны жылу сумен жуып, жұмсақ матамен сүртіңіз.
Құралды әр пайдаланған сайын осы тазарту әрекеттерін қайталаңыз.
Қақтан тазарту жөніндегі нұсқаулық
Кофеқайнатқыштың жұмысы нәтижелі болсын десеңіз, құралды қақтан жүйелі түрде, мүмкіндігінше
2-3 ай сайын тазартып тұрыңыз, ал егер «тұзы көп суды» пайдаланған жағдайда тазартуды жиі орын-
дау керек. Ол үшін «Құралды іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау және пайдалану» бөлімдегі көр-
сетілген әдістерді орындау қажет, сонымен судың орнына қақтан тазарту үшін лимон қышқылының
2-3% ерітіндісін пайдаланыңыз. Содан кейін суға арналған резервуарын таза, суық сумен толтырып,
«Құралды іске қоспас бұрын жұмысқа дайындау және пайдалану» бөлімдегі көрсетілген әдістерді
орындау қажет.Назар аударыңыздар!
9. ҚҰРАЛДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРТТАР
Сақтау жөніндегі шарт
1. Пайдаланып болған соң, құрал электр желісінен ажыратылғанына және құралдың суып тұрғанына
көз жеткізіңіз.
2. Суды төгіп, құралды тазартыңыз және оның барлық алмалы-салмалы бөліктері мен бөлшектерін
жақсылап кұрғатыңыз.
3. Құралдың бөліктері мен бөлшектерін жақсылап кұрғатып сүртіп шығыңыз, және құралыңызды
құрғақ, салқын жерде сақтаңыз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать