Philips EP2232 [38/51] Lattego сүт ыдысын тазалау

Philips EP2232 [38/51] Lattego сүт ыдысын тазалау
LatteGo сүт ыдысын тазалау
LatteGo ыдысын әрбір қолданыстан кейін тазалау
1 LatteGo құралын машинадан (сурет 32) алыңыз.
2 Қалған сүтті төгіп тастаңыз.
3 Босату түймесін басып, сүт ыдысын LatteGo (сурет 33) жақтауынан алыңыз.
4 Барлық бөлшектерді ыдыс жуғышта немесе ағын суда жылы сумен және шамалы жуу
сұйықтығымен тазалаңыз.
Классикалық сүт көпірткішті тазалау
Классикалық сүт көпірткішті әрбір қолданыстан кейін тазалау
Гигиеналық себептерге байланысты және сүт қалдықтарының жиналуын болдырмас үшін, сүт
көпірткішті қолданыс сайын тазалаңыз.
1 Шыныны сүт көпірткіш астына қойыңыз.
2 Бу тамызуды бастап, сүт көпірткіште қалып кеткен сүтті кетіру үшін, бу белгішесін түртіп, іске
қосу/тоқтату түймесін басыңыз.
3 Бу тамызуды бірнеше секундтан кейін тоқтату үшін, іске қосу/тоқтату түймесін қайта басыңыз.
4 Сүт көпірткішті дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
Классикалық сүт көпірткішті күн сайын тазалау
1 Сүт көпірткішті суытып қойыңыз.
2 Сүт көпірткішті солға (сурет 34) еңкейтіп, металл бөлшекті және силикон бөлшекті (сурет 35)
алыңыз.
3 Екі бөлшекті (сурет 36) бөлшектеп, оларды таза сумен шайыңыз немесе ыдыс жуғышта тазалаңыз.
4 Екі сүт көпірткіш бөлшегін қайта жинақтап, сүт көпірткішті құрылғыға қайта тіркеңіз.
AquaClean су сүзгісі
Машинаңызда AquaClean қосулы. Кофе дәмін сақтау үшін, AquaClean су сүзгісін су ыдысына сала
аласыз. Сонымен қатар, ол құрылғыда жиналған шөгіндіні кетіру арқылы қақ түсіру қажеттілігін
қысқартады. AquaClean су сүзгісін жергілікті бөлшек сауда орнынан, өкілетті қызмет көрсету
орталықтарынан немесе онлайн www.philips.com/parts-and-accessories торабынан сатып ала аласыз.
AquaClean белгішесі және шамы
Құрылғыңыз сүзгі күйін көрсететін AquaClean су сүзгісі шамымен (сурет 37) жабдықталған. Шам
қосылғанда немесе жыпылықтағанда талап етілетін әрекеттерді төмендегі кестеден қараңыз.
Құрылғыны алғаш пайдаланған кезде AquaClean шамы сарғыш түсте жана
бастайды. Бұл AquaClean су сүзгісін пайдалана бастағаныңызды көрсетеді.
AquaClean су сүзгісі белсендірілмесе, шам шамалы уақыттан кейін автоматты
түрде өшеді.
Сүзгіні орнатып, AquaClean белгішесімен белсендірген кезде AquaClean су
сүзгісінің белсенді екендігін растау ретінде AquaClean шамы көк түске өзгереді.
Сүзгі алынса, сүзгіні жаңа біреуімен ауыстыруды ескерту ретінде AquaClean шамы
қайтадан сарғыш түсте жыпылықтай бастайды.
41
Қазақша
Қазақша

Содержание

Скачать