Electrolux EKG 511112 W [8/64] Пештің үсті күтіп ұстау және тазалау

Electrolux EKG 511112 W [8/64] Пештің үсті күтіп ұстау және тазалау
ПЕШТІҢ ҮСТІ - ПАЙДАЛЫ АҚЫЛ-КЕҢЕС
Акриламидтер туралы ақпарат
Өте маңызды! Ең соңғы ғылыми
мәліметтерге сәйкес, тағамды (әсіресе
құрамында крахмал бар) қуырған кезде,
акриламидтер денсаулыққа қатер
төндіруі мүмкін. Сондықтан, біз тағамды
ең төмен температурада пісіруді және
тым қатты қуырмауды ұсынамыз.
Қуат үнемдеу
Егер мүмкіндік болса, кәстрөлдердің
қақпағын әрдайым жабыңыз.
Сұйықтық қайнай бастағанда, оны
ақырындап қайнату үшін отты
азайтыңыз.
Түбі оттықтың өлшеміне дәл келетін
табалар мен кәстрөлдерді
пайдаланыңыз.
Оттық Тамақ пісіретін ыдыстың
диаметрі
Жылдам 160 мм - 280 мм
Жартылай
жылдам
140 мм - 240 мм
Қосымша 120 мм - 180 мм
Түбі барынша қалың әрі мүмкіндігінше
тегіс ыдысты қолданыңыз.
ПЕШТІҢ ҮСТІ - КҮТІП ҰСТАУ ЖӘНЕ ТАЗАЛАУ
Назарыңызда болсын! Пешті
тазалардан бұрын оны сөндіріңіз
де, суығанша күтіңіз.
Назарыңызда болсын! Қауіпсіздік
мақсатында құрылғыны бумен
тазалағыш немесе жоғары
қысыммен тазалағыш құралдармен
тазаламаңыз.
Назарыңызда болсын! Түрпілі
тазартқыш, болат сымнан жасалған
ысқыш немесе қышқылдарды
қолданбаңыз, олар құрылғыны
бүлдіруі мүмкін.
Эмальмен қапталған бөліктерін,
қақпағы мен шілтерін тазалау үшін
жылы сабын сумен жуыңыз.
Тот баспайтын болат бөліктерін
сумен жуыңыз да, жұмсақ
шүберекпен құрғатыңыз.
Таба тағандары ыдыс жуғыш
машинаға жарамайды ; оларды
қолмен жуу керек.
Тазалап болғаннан кейін таба
тағандарын дұрыс орнатуды
ұмытпаңыз.
Оттықтар дұрыс жануы үшін таба
тағандарының тармақтары оттықтың
ортасында тұрғанына көз жеткізіңіз.
Пештің үстін бүлдіріп алмас үшін таба
тағандарын орнына қойған кезде
абай болыңыз.
Тазалап болғаннан кейін құрылғыны
жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
ТҰМШАПЕШ- КҮНДЕЛІКТІ ПАЙДАЛАНУ
Минут операторы
Кері санақ уақытын орнату үшін
қолданыңыз.
Әуелі минут операторының басқару
тетігін ("Өнім сипаттамасы" тарауын
қараңыз) сағат бағытымен шегіне дейін
бұраңыз. Содан кейін кері бұрап,
қажетті мәнге қойыңыз. Уақыт біткен
кезде дыбысты сигнал қосылады.
Бұл функция пеш қызметіне әсері
етпейді. .
Қауіпсіздік терморелесі
Бұл пеш(дұрыс пайдаланбау не
элементтерінің бірінің ақаулығына
байланысты)шамадан тыс қызып кету
тәрізді қатерлі жағдайдың алдын алу
үшін қуатты үзіп тастайтын қауіпсіздік
терморелесімен жабдықталған.
Температурасы төмендеген кезде пеш
автоматты түрде қайта қосылады.
Пештің функциялары
Пештің төмендегідей функциялары бар:
8 electrolux

Содержание

Похожие устройства

Скачать