Electrolux EKG 954101 W (X) [15/76] Тұмшапештің газ оттығын қолдан жағу

Electrolux EKG 954101 W (X) [15/76] Тұмшапештің газ оттығын қолдан жағу
Тұмшапеш қауіпсіздігі
құралы: Газ тұмшапеші
термоэлементпен
жабдықталған. Ол жалын
сөніп қалғанда, газдың
берілуін тоқтатады.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Тұмшапештің функцияларын
басқару тетігін сағат тілінің
бағытына қарсы бұрап, қызу
параметрінің ең үлкен мәніне
қойыңыз да, төмен басып оттықты
жағыңыз.
3. Тұмшапештің функцияларын
басқару тетігін термореле
қызғанша 15 секунд немесе одан
аз уақыт басып ұстап тұрыңыз.
Бұлай істемесе, газ беріліміне
кедергі келеді.
9.3 Тұмшапештің газ оттығын
қолдан жағу
Электр қуаты болмаған жағдайда,
пештің оттығын электр құралынсыз
жаға аласыз.
1. Тұмшапештің есігін ашыңыз.
2. Отты тұмшапештің табанындағы
тесіктің жанында ұстап тұрыңыз.
3. Осы кезде тұмшапеш
функциясының тетігін басып
тұрып, сағат тілінің бағытына
қарсы ең үлкен газ беріліміне
келгенше бұраңыз.
4. Жалын пайда болғанда, тұмшапеш
функциясының тетігін газ
ағысының ең үлкен деңгейіне
қойып, термореле қызғанша 15
секунд немесе одан аз уақыт
басып ұстап тұрыңыз.
Тұмшапеш
функцияларының тетігін 15
секундтан артық басып
тұрмаңыз. Егер пештің
оттығы 15 секундтан кейін
жанбаса, тұмшапеш
функцияларының тетігін
босатыңыз, оны өшірулі
қалыпқа бұраңыз да,
тұмшапештің есігін ашып,
кем дегенде 1 минуттан
кейін тұмшапештің
оттығын тағы бір рет жағып
көріңіз.
9.4 Тұмшапештің газ оттығын
тұтатқаннан кейін
1. Тұмшапеш функциясының тетігін
босатыңыз.
2. Тұмшапештің есігін жабыңыз.
3. Қажетті қыздыру параметрін
орнату үшін тұмшапеш
функцияларының тетігін бұраңыз.
Отты тұмшапештің түбіндегі тесіктер
арқылы бақылаңыз.
9.5 Тұмшапештің оттығын
сөндіру
Отты сөндіру үшін тетікті "off" қалпына
бұраңыз.
9.6 Грильді қолдану
Гриль температурасын
өзгерту мүмкін емес.
Төменірек температураға
немесе баяу пісіру
уақытына қою үшін гриль
табасын жалыннан
алыстатып төмен түсіріңіз.
Грильді қолдану алдында гриль
дефлекторын (A) есіктің үстіңгі
жағындағы орынға салыңыз. Екі
бекітпенің тұмшапеш корпусының
(басқару панелінің астыңғы жағы)
алдыңғы жақтауының үстіңгі
жағындағы тесіктерге дұрыс кірігіп
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
ҚАЗАҚ 15

Содержание

Похожие устройства

Скачать