Electrolux EKK 951301 W (X) [28/64] Пеш үстінің инжекторларын ауыстыру

Electrolux EKK 951301 W (X) [28/64] Пеш үстінің инжекторларын ауыстыру
Бұл құрылғы табиғи газбен
жұмыс істейді. Дұрыс
инжекторлар қолданылса,
сұйылтылған газды да
қолдануға болады. Газдың
тұтынылатын мөлшерін
қажетінше лайықтауға
болады.
НАЗАРЫҢЫЗДА
БОЛСЫН!
Инжекторларды ауыстыру
алдында, газ тетіктерінің
"Off" қалпында тұрғанына
көз жеткізіңіз. Құрылғыны
электр желісінен
ажыратыңыз.Құрылғыны
салқындатыңыз. Жарақат
алу қаупі бар.
14.12 Пеш үстінің
инжекторларын ауыстыру
Газ түрін ауыстырғанда
инжекторларды да ауыстырыңыз.
1. Таба тағандарын алыңыз.
2. Оттықтың қақпақтары мен шілтерін
алыңыз.
3. Инжекторларды 7-ші кілтпен
ағытып алыңыз.
4. Инжекторлардың орнына
қолданылатын газ түріне сай
инжекторларды салыңыз.
5. Техникалық ақпарат тақтайшасын
(газбен жабдықтау құбырының
қасында) жаңа газ түріне сай
келетін тақтайшаға ауыстырыңыз.
Бұл тақтайшаны
құрылғымен бірге
жеткізілген қалтадан
таба аласыз.
Егер беріліп тұрған газдың қысымы
тұрақты болмаса немесе қажетті
қысымнан басқаша болса, газбен
жабдықтау құбырына тиісті қысым
реттегішті орнатыңыз.
14.13 Пештің оттығын ең кіші
деңгейге қою
1. Құрылғыны электр қуатынан
ажыратыңыз.
2. Пештің тетігін алыңыз. Егер
орағытпа бұранданы реттеу
мүмкіндігі жоқ болса, реттеу
әрекетін бастамай тұрып басқару
панелін ағытыңыз.
3. Жіңішке және жалпақ жүзді
бұранда бұрағышпен (A) орағытпа
бұранданы реттеңіз.
Орағытпа бұранданың орындары
(A) үлгіге байланысты.
A
Табиғи газдан сұйылтылған
газға ауыстыру
1. Орағытпа бұранданы шегіне дейін
қатайтыңыз.
2. Тетікті орнына қайта қойыңыз.
Сұйылтылған газды табиғи
газға ауыстыру
1. Орағытпа бұранданы шамамен бір
қадамға (A) ағытыңыз.
2. Тетікті орнына қайта қойыңыз.
3. Құрылғыны электр тоғына
қосыңыз.
www.electrolux.com28

Содержание

Похожие устройства

Скачать