Vitek VT-3656 W [18/28] Қазақша
![Vitek VT-3656 W [18/28] Қазақша](/views2/1961628/page18/bg12.png)
18
ҚазаҚша
ШНЕКТІ ШЫРЫН СЫҚҚЫШ VT-3656 W
ШНЕКТІ ШЫРЫН СЫҚҚЫШ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Шнекті шырын сыққыштарда шнектің
минутына 100 айналымға дейінгі аз айналу
жылдамдығында шырын сығу технологиясы
пайдаланылады, бұл жағдайда тұтынылатын
қуат шамамен 300 Вт құрайды. Мұндай шырын
сыққыштарды «баяу шырын сыққыштар» деп
атайды, алайды бұл атауға алданып қалмаңыз,
шнекті шырын сыққыш шырынды кәдімгі шырын
сыққыштармен салыстырғанда көп шырын
шығысы пайызымен сығады. Оралма тәрізді
шнек өнімді ұсақтайды, одан кейін ұсақталған
жұмсағын сүзгіш арқылы өткізіп, одан шырын
алады, мұндай технология сығылған шырында
түсті жемістер мен көкөністер құрамында
болатын фитонутриенттердің
*
көп мөлшерін
сақтауға мүмкіндік береді. Шнектің айналу
жылдамдығының аз болуы (100 айн/мин
дейін) және ұсақтау үдерісіндегі өнімдердің
төмен температурасы алынған шырындағы
ішкі жасуша құрылымын, ферменттерді,
микроэлементтер мен дәрумендерді сақтауға
кепілдік береді.
СИПАТТАМА
1. Итергіш
2. Жүктеу аузы
3. Қақпақ
4. Шнек
5. Сепаратор
6. Жұмыс тостағаны
7. Сығынды шығуға арналған шүмек
8. Шырын құюға арналған шүмек
9. Шырынға арналған ыдыс
10. Сығындыға арналған ыдыс
11. Моторлы блок
12. Жұмыс режимдерін ауыстырып қосқыш
«I/0/II»
13. Силиконды тығыздағыш
14. Тазалауға арналған қылшақ
САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ
Шырын сыққышты пайдалануды бастау
алдында аталмыш пайдалану жөніндегі
нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз және әрі
* «Фитонутриенттер» термині «фито» («өсімдік») және
«нутриент» («ағзаның қалыпты жұмысына қажетті
қоректену құрауышы») грек сөздерінен құралған.
Фитонутриенттер фитохимикаттар, яғни өсімдіктекті
өнімдердің биологиялық белсенді табиғи құраушысы
ретінде белгілі.
қарай анықтамалық ретінде пайдалану үшін
сақтап қойыңыз.
Құрылғыны аталмыш нұсқаулықта
мазмұндалғандай тек тікелей тағайындалуы
бойынша ғана пайдаланыңыз. Құрылғыны
дұрыс қолданбау оның істен шығуына,
пайдаланушыға немесе оның мүлкіне зиян
келтіруге алып келеді.
• Құралды алғаш қосар алдында электрлік
желі кернеуі құрылғының жұмыс кернеуіне
сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
• Шырын сыққышты әр пайдалану алдында
шнектегі торды тексеріңіз.Қандай да бір
механикалық ақаулықтар байқаған жағдайда
құрылғыны пайдалануды тоқтатыңыз
және авторландырылған (өкілетті) қызмет
орталығына хабарласыңыз.
• Шырын сыққышты тек құрғақ, тегіс дәне
тұрақты бетте, жылу, ылғал, ашық жалын
және тікелей күн сәулесі көздерінен алыс
жерде пайдаланыңыз.
• Шырын сыққышты алғаш пайдаланар
алдында барлық өңделетін өнімдермен
жанасатын ажыратылатын бөлімдерін
мұқият жуыңыз.
• Жеткізілім жинағына енетін ажыратылатын
бөлшектерді ғана пайдаланыңыз.
• Құрылғыны ғимараттан тыс пайдалануға
тыйым салынады.
• Желілік сымды ыстық беттердің, жылу
көздерінің және жиһаздардың өткір
ұштарының маңына орналастырмаңыз.
• Құрылғыны пайдалануды бастар
алдында барлық бөлшектер дұрыс
орналастырылғанына көз жеткізіңіз.
• Жұмыс барысында жүктеу аузына
тағамдарды саусақпен және басқа да
заттармен итеруге тыйым салынады. Бұл
мақсатта тек итергішті ғана пайдаланыңыз.
• Шырын сыққыш тағамдарды араластыруға
немесе ұсақтауға арналмаған.
• Желілік сым айыры электрлік розеткаға
жалғанып тұрған жағдайда шырын
сыққышты бөлшектеуге тыйым салынады.
• Желілік сым айырын, желілік сымды және
моторлы блокты су қолмен ұстауға болмайды.
• Шырын сыққыш қақпағын тек құрал
сөніп, шнек толық тоқтағаннан кейін ғана
ашыңыз.
• Шырын сыққыш корпусында ылғал немесе
шырын тамшысы пайда болған жағдайда
оны сөндіріңіз, электр желісінен ажыратыңыз
және корпусты құрғақ матамен сүртіңіз.
VT_IM-3656.indd 18 27.10.2014 14:42:14
Содержание
- Slow juicer 1
- Vt 3656 w 1
- Шнековая соковыжималка 1
- English 4
- English 5
- English 6
- English 7
- Deutsch 8
- Deutsch 9
- Deutsch 10
- Deutsch 11
- Deutsch 12
- Русский 13
- Русский 14
- Русский 15
- Русский 16
- Русский 17
- Қазақша 18
- Қазақша 19
- Қазақша 20
- Қазақша 21
- Қазақша 22
- Україньска 23
- Україньска 24
- Україньска 25
- Україньска 26
- Україньска 27
- Ооо голдер электроникс 2014 golder electronics llc 2014 28
Похожие устройства
- Zelmer 377 Руководство по эксплуатации
- Panasonic NC-22HP Руководство по эксплуатации
- Panasonic NC-HU301P Руководство по эксплуатации
- Panasonic NC-PG30P Руководство по эксплуатации
- Panasonic PJ-220R Руководство по эксплуатации
- Panasonic PJ-225R Руководство по эксплуатации
- Vitek VT-1187 Инструкция по эксплуатации
- Delonghi CT 021 Руководство по эксплуатации
- Delonghi CT 022 Руководство по эксплуатации
- Delonghi CT 03 L Руководство по эксплуатации
- Delonghi CTM 2023 Руководство по эксплуатации
- Delonghi CTO 2003. W(BK) Руководство по эксплуатации
- Kenwood TT320 Руководство по эксплуатации
- Kenwood TT370 Руководство по эксплуатации
- Kenwood TT397 Руководство по эксплуатации
- Kenwood TT900 Руководство по эксплуатации
- Kenwood TTM021A kMix Инструкция по эксплуатации
- Moulinex LT260D30 SUBITO Руководство по эксплуатации
- Moulinex SM151 Руководство по эксплуатации
- Philips HD 2566_70 Руководство по эксплуатации