Redmond RK-M139S SkyKettle [31/36] Iii аспапты күту

Redmond RK-M139S SkyKettle [31/36] Iii аспапты күту
31
SkyKettle RK-M139S
KAZ
2.
Судың қыздырылуы аяқталғаннан кейін аспап үш қысқа
дыбыстық сигнал беріп, аспап температураны ұстап тұру
режиміне ауысады (ұсталынып тұратын температура ша-
масының индикаторы жанады).
3.
Температураны ұстап тұру үрдісін тоқтату үшін баты-
рамасын басыңыз немесе шәйнекті түпқоймадан
шешіңіз.
Берілген су температурасын сақтау режимі
Бұл режим суды ысытқаннан кейін және алдын ала қойылған су
температурасын (40, 55, 70 немесе 85°С) автоматты түрде 12сағат
ұстап тұрады. Егер температура таңдалғаннан төмен түссе, онда
автоматты түрде жылыту элементі қосылады. Қайта қайнату бол-
майды. Құрылғы күту режиміне өтеді жұмыстың соңында.
Температураны ұстап тұру режимін қосу үшін қайнату үрдісін-
де батырмасы көмегімен қажетті температураны таңдаңыз
(таңдалған шама жанында индикатор жанады). Режимді сөндіру
үшін қайнату үрдісінде, температура индикациясы сөнбегенше
батырмасын басыңыз.
Дыбыс белгілерін ажырату
Дыбыстық сигналдарды күту режимінде сөндіру және қайта қосу
үшін батырмасын басып, бірнеше секунд ұстап тұрыңыз.
Дыбыстық сигналдар қайта қосылған кезде аспап қысқа
дыбыстық сигнал береді.
Қауіпсіздік жүйесі
Шәйнек су қайнағаннан кейін немесе түпқоймадан алу
кезінде автоматты ажыратылу жүйесімен жабдықталған.
Шәйнектің ішінде су жоқ кезде немесе жеткіліксіз болған
кезде қатты қызып кетуден автоматты қорғаныс істеп кетеді.
Оны суығанша күтіңіз. Одан кейін құрал жұмысқа дайын
болады.
III. АСПАПТЫ КҮТУ
Тазалар алдында шәйнекті электр желісінен ажыратып, суы-
тыңыз. Шәйнек пен тұғырды аратұра дымқыл жұмсақ матамен
тазартып отырыңыз.
Шәйнек, тұғыр, электр бау немесе штепсельді суға батыр-
маңыз: электр түйіспелер суға тимеуі тиіс!
Аспапты тазалау барысында қатты сулықтар немесе сіңір-
гіштер абразивті паста ларды қолдануға ТЫЙЫМ САЛЫНА-
ДЫ. Сондай-ақ кез келген химиялық грессивті немесе асқа
жанасатын заттармен бірге қолдануға кеңес берілмеген
басқа да заттарды қолдануға болмайды.
Тоттан тазалау
Пайдалану барысында, қолданылатын судың құрамына байла-
нысты аспаптың ішкі қабырғаларында, қыздыру элементінде
қақ тұруы мүмкін. Оларды кетіру үшін ас үй техникасына ар-
налған тазалау және қақ кетіруге арналған арнайы қырмайтын
заттарды қолданыңыз.
1. Шәйнекті тазалар алдында оны толық суытыңыз.
2. Тазалау құралының орамындағы нұсқауларды ұстаныңыз.
3. Тазалаған соң ерітіндіні төгіп тастап, шәйнекті суық сумен
мұқият жуып жіберіңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать