Polaris PMG 1873 RUS [21/24] Тұрмыстық электр техникасымен жұмыс барысындағы

Polaris PMG 1873 RUS [21/24] Тұрмыстық электр техникасымен жұмыс барысындағы
22
құрылғы автоматты түрде тоқтап, сөніп қалатын болса, бұл жағдайда төмендегі шараларын
қолдана отырып, бірден келесідей жасау керек:
- құрылғының электр желілік баусымның айырын электр желідегі ашалы розеткасынан
ажыратып алыңыз,
- құрылғыны келесі қолданар алдында, ол суығанша кем дегенде 60 минутқа үзіліс жасап, күте
тұрыңыз.
Құралды балалар мен физикалық мүмкіндігі шектеулі адамдардың пайдалануына бермеңіз.
Ешқашан ақаулы құралды пайдаланбаңыз.
Еттартқышты тек түпнұсқалы бөлшектермен пайдаланыңыз. Құралмен бірге жинаққа кірмейтін
аксессуарларды пайдалану Сізді кепілді қызмет көрсетуден айырады.
Құралға көп мөлшерде өнімдерді салмаңыз.
10.ТҰРМЫСТЫҚ ЭЛЕКТР ТЕХНИКАСЫМЕН ЖҰМЫС БАРЫСЫНДАҒЫ
ҚАУІПСІЗДІК БОЙЫНША ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Құрал тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс. Құралды коммерциялық мақсатта ұзақ уақыт
бойы пайдалану құралдың істен шығуына, зақымдалуына немесе адамдардың денсаулығына
нұқсан келтіруіне әкеп соғуы мүмкін.
Құрал нұсқаулыққа сәйкес тек мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс.
Құралды әрбір қосудың алдында қарап шығыңыз. Құралда немесе желілік сымда ақау байқалса
құралды розеткаға қосуға тыйым салынады.
Құрал еденге төнкеріліп, құлап түсіп кеткен жағдайда оны пайдаланбаңыз.
Егер құралдың жұмысқа қабілеттілігі жөнінде күмәндансаңыз оны пайдалануға тыйым
салынады.
Аталмыш құралды қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы
жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, білімі мен тәжірибесі
жоқ немесе жүйке жүйесінде немесе психикалық, физикалық ауытқулары бар тұлғалардың
(балаларды қоса алғанда) қолдануына арналмаған. Балалардың құралмен ойнауына жол бермеу
үшін оларды қадағалап отырыңыз.
Іске қосулы құралды қараусыз қалдырмаңыз. Құралды балалардың қолы жетпейтін жерде
сақтаңыз.
Назар аударыңыз!
Құралды ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың
қасында пайдалануға болмайды. Құрал суға түсіп кеткен жағдайда, оны бірден желіден
ажыратыңыз. Сонымен бұл кезде қолды суға малуға болмайды. Құралды екінші мәрте
пайдаланудың алдында оны білікті маман тексеріп шығуы керек.
Құралды бөлмежайдан тысқары жерде пайдаланбаңыз. Құралды ыстықтан, тікелей күн
сәулесінен, сүйір бұрыштарға соғылудан, ылғалданудан сақтаңыз (ешқашан құралды суға
немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз). Құралды дымқыл қолыңызбен ұстамаңыз. Құрал
суланған жағдайда оны бірден желіден ажыратыңыз.
Құралды тек қана ауыспалы тоқ көзіне ғана қосыңыз (~). Құралды желіге қоспас бұрын, желідегі
қолданылатын электрлік параметрлерін тексеріңіз, бұл құралдың техникалық сипаттамаларына
сәйкес болғанына көз жеткізіңіз.
Кез келген ақау бола тұра құралды іске қосу Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Құралмен пайдаланып болғаннан кейін, сонымен қатар, құралды тазарту алдында және оның
қондырмаларын алмас немесе орнатпас бұрын, сондай-ақ, құрал сынып, істен шыққан жағдайда,
оны әрдайым желіден ажырату қажет.
Құралды желіге қоспас бұрын жылдамдық режимдерінің ауыстырғышы «OFF» қалпында
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Құралдың бүлінуі мен оқыс жағдайларға әкеп соғуы мүмкін желінің шамадан тыс жұмыс
істеуіне жол бермеңіз. Ол үшін қолданыстағы электрлік розеткаға ұзартқышты пайдалану
арқылы өзге де құралдарды қоспаңыз. Ұзартқышты пайдаланудың алдында оның
зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.

Содержание

Скачать