Polaris PMG 1875 RUS Руководство по эксплуатации онлайн [20/25] 731904

Polaris PMG 1875 RUS Руководство по эксплуатации онлайн [20/25] 731904
20
6. Дайындалған қоспадан түтік тәрізді шұжықтай домалақ ет қабықшаны дайындаңыз.
Тартылған етті итеру үшін итергіш құрылғыны (5) қолданыңыз. Ет тартқыштан шыққан
түтік тәрізді шұжықтай домалақ ет қабықшаны қолмен бөліп алыңыз немесе пышақ
арқылы кесіңіз.
7. Бөліп алған ет қабықшаның бір жағын қолмен жапсырыңыз, оның ішіне әзірленген ет
салындысын салыңыз да, содан кейін оның екінші жағын жапсырыңыз.
8. Қызып тұрған өсімдік майға кеббе ет шужықтарды салыңыз да, қуырып алыңыз.
Шұжықтар мен сосискаларды әзірлеу
Шұжық жасау үшін ет жентегін дайындаңыз.
1. Бұранда иірмекті (шнекті) (8) алынбалы жұмысшы блокқа (7) қондырыңыз да, бұранда иірмекті
(шнекті) орнына келгенше бұрап, орнатыңыз, содан кейін бұранда иірмекке (шнекке) болаттан
жасалған торшалардың бірін орнатқан соң, шұжықтар мен сосискаларды әзірлеуге арналған
қондырманы (12) орнатыңыз, содан соң, ет тартқыш құрылғының құрастырып жиналған барлық
бөлшектерін сақиналы сомымен (гайқамен) (11) бұрап, бекітіңіз.
Назар аударыңыздар! Пышақты (9) орнатпаңыз! Сақиналы сомын (гайканы) (11) бұрап,
бекіткен кезде, оны қатты тартып бұрауға болмайды!
2. Шұжық дайындау үшін табиғи ішек қарынды қабықша ретінде пайдаланыңыз, оны
жылы суда алдын ала 10 минутқа салып, жібітіп алыңыз. Жұмсартылған қабықшаны
қондырмаға (12) кигізіп, бұл қабықшаның ұшын түйіншектеңіз.
3. Дайын ет жентекті итеру үшін итергіш құрылғыны (5) қолданыңыз, қабықша
толысымен оны қондырмадан әрі қарай қолмен сырғытып жылжытыңыз, қабықша
құрғап бара жатса, оны сумен сулап, жібітіп отырыңыз.
5. ТАЗАРТУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Құралды өшіріңіз. Қозғалтқыштың толығымен тоқтағанына көз жеткізіңіз.
Құралды электр желісінен ажыратыңыз .
Ет тартқышты жинақтау бойынша нұсқауға сәйкес, кері тәртіпте, ашып
бөлшектеңіз.
Өнімнің қалдықтарын жойыңыз. Өніммен жанасатын құрал бөліктерін сабынды,
жылы суда жуыңыз. Еттартқыштың корпусын дымқыл матамен сүртіңіз.
Ерттарқыштың бөліктерін тазарту барысында ыдыс жуғыш машинасы мен
құрамында сілті заттары көп құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
Абразивті, құрамында хлоры бар заттарды, сондай-ақ органикалық ерітінділерді
пайдалануға болмайды.
Еттартқыштың барлық бөліктерін құрғақ матамен сүртіңіз.

Содержание

Скачать