Centek CT-65RDC07 Инструкция по эксплуатации онлайн [11/20] 744178

Centek CT-65RDC07 Инструкция по эксплуатации онлайн [11/20] 744178
10
6. МҮМКІН БОЛАТЫН АҚАУЛЫҚТАР ЖƏНЕ ОЛАРДЫ ЖОЮ ƏДІСТЕРІ
Құрал қосылмайды
Желіге қосылып тұрғандығын тексеріңіз.
Қорғаныштық құрылғы іске қосылды,
кондиционерді кем дегенде 3 минуттан соң қосып
көріңіз Желідегі кернеу төмен немесе жоғары.
Жұмыстың таймерге қойылмағандығын тексеріп
көріңіз
Кондиционер басқару
пультінің пәрмендерін
ескермейді
Электр-магниттік кедергілердің ықпалы
болуы мүмкін. Кондици¬онердің электр
қуаттандырғышын айырып, 1 минуттан соң қайта
қуат жіберіп көріңіз. Пульттің сигналдың әрекет
ету аймағында болуын тексеріңіз Қашықтан
басқару пультінің батареяларын тексеріңіз,
қажет болса, оларды алмастырыңыз. Пульттің
бүлінбегендігін тексеріңіз.
Салқындату немесе
жылыту тиімділігі
төмендеді
Мақсаттық температураның дұрыс орнатылуын
тексеріңіз. Ішкі блоктың кіргізу және шығару
саңылаулары бітеліп қалмағанын тексеріңіз. Ауа
сүзгісінің, жылу алмасқыштың және ішкі блоктың
желдеткішінің ластану деңгейін тексеріңіз,
қажеттілікке қарай, тазалап көріңіз. Жылы/
салқын ауаның ашық терезе немесе есік арқылы
кірмей тұрғандығына көз жеткізіңіз. Желдеткіш
жылдамдығының дұрыс қойылуын тексеріңіз.
Сыртқы ауа температурасы жоғары болған
жағдайда, салқындату тиімділігі жеткіліксіз
болуы мүмкін. Сыртқы ауа температурасы төмен
болған жағдайда, жылыту тиімділігі жеткіліксіз
болуы мүмкін. Бөлмеде қосымша жылу көздерінің
бар-жоқтығын тексеріңіз.
Жұмыс режимдерін
ауыстырған кездегі
кідіріс
Пайдалану кезінде жұмыс режимдерінің ауысуы 3
минут уақыт алуы мүмкін.
Жылыту режимдерін
қосқан кездегі кідіріс
Бұл кідіріс (2-5 минутқа дейін) ішкі блоктың жылу
алмасқышын қыздыру үшін қажет. Жарамсыздық
болып табылмайды
Бөгде иістердің пайда
болуы
Кондиционер бөлмедегі темекі түтіні, парфюмерия,
жиһаз иісі, т.б. осы сияқты иістерді күшейте түсуі
мүмкін. Егер иістер ұзақ уақыт бойы жойылмаса,
сервис орталығынан кеңестер алыңыз
Ішкі блоктан судың
ағып жатқан
немесе сылдыраған
дыбыстары естіледі
Дыбыстар ішкі блок ішінде қайнап жатқан
салқындатқыш агенттің тұрбалар бойымен
ағып жатқанын білдіреді. Жарамсыздық болып
табылмайды
Ішкі блоктан
сыртылдаған
дыбыстар естіледі
Сыртылдаған дыбыстар температураның өзгеруі
салдарынан құралдың алдыңғы панелінің немесе
өзге тетіктерінің кеңеюімен немесе сығылуымен
түсіндіріледі (жарамсыздық болып табылмайды)
Ішкі блоктан әлсіз
механикалық
дыбыстар естіледі
Дыбыс ішкі блоктың желдеткішін қосу/айыру
кезінде пайда болады. Жарамсыздық болып
саналмайды
Ішкі блоктан
шыжылдаған
дыбыстар естіледі
Дыбыс салқындатқыш агенттің ағысы өзгерген
кезде пайда болады. Жарамсыздық болып
саналмайды
Ішкі блоктың түсінің
өзгеруі
Түрлі факторлар (мысалы, ультракүлгін
сәулелер, температура, т.б.) салдарынан пластик
корпус түсін өзгертуі мүмкін, бұл құрылғының
функциялық сипаттамаларына әсер етпейді.
Жарамсыздық болып табылмайды
Ішкі блоктың ауа
шығару саңылауының
алдының булануы
Егер бөлмедегі ылғалдылық пен ауа
температурасы жоғары болса, кондиционердің
ауа шығару саңылауында тұман түзілуі мүмкін.
Ол бөлмедегі температура төмендегеннен кейін
біршама уақыт өткесін жойылады
Сыртқы блоктан су
ағып шығады
Бұл еріту режимі қосылған кезде немесе
жылыту режимі кезінде сыртқы блоктың
жылу алмасқышынан түзілетін конденсат.
Жарамсыздық болып саналмайды
АҚАУЛЫҚ КОДТАРЫНЫҢ КЕСТЕСІ
Қатенің
коды
Мәселе
E1 Орынжайдағы температура хабаршысында ақау бар
E2 Сыртқы блок буландырғышының хабаршысында (термистор)
ақау бар
E3 Ішкі блок буландырғышының хабаршысында (термистор)
ақау бар
E4 Ішкі блок желдеткішінің қозғалтқышымен байланыс бұзылған
E0 Төмендетілген кернеуден қорғалған

Содержание