Centek CT-1170 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/48] 744228

Centek CT-1170 Инструкция по эксплуатации онлайн [12/48] 744228
12
E. «ЛАТТЕ» БАТЫРМАСЫ
- Латтенің шағын ғана кесесін әзірлеу үшін бір рет басыңыз.
- Латтенің үлкен кесесін әзірлеу үшін екі рет басыңыз.
-
Сүтті көпіршіту жүйесін тазалау циклін іске қосу үшін 3 секунд бойы басып тұрыңыз.
Әзірлеу ре-
жимі
Бір рет басу Екі рет басу
Индикатор Көлемі Индикатор Көлемі
Эспрессо Ақ 20-50 мл Көк 50-90 мл
Капучино Ақ 110-230 мл Көк 215-355 мл
Латте Ақ 260-420 мл Көк 335-515 мл
3. ЖИЫНТЫҒЫ
Кофеқайнатқыш - 1 дана
Сүзгі ұстағыш - 1 дана
Кофеге арналған сүзгі - 2 дана
Өлшеуіш қасық – 1 дана
Пайдаланушы нұсқаулығы - 1 дана
4. АЛҒАШ РЕТ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА
4.1. АСПАПТЫ ТАЗАЛАУ
1. Аспапты қаптамасынан ақырын алыңыз және барлық қаптауыш материалды
алып тастаңыз.
2. Барлық сайманды қаптамадан және аспап ішінен алып шығыңыз.
3. Суға арналған ыдысты алыңыз.
4. Суға арналған ыдысты, қақпағын, өлшеуіш қасық пен сүзгіні, сондай-ақ сүзгінің
ұстауышын ыдыс жууға арналған жұмсақ жуғыш құралдың аз ғана мөлшерімен
жылы сумен тазалау керек. Содан кейін таза сумен шайыңыз және кептіріңіз.
5. Сондай-ақ кофе қайнатқыштың корпусын, түптабаны мен торын жұмсақ дымқыл
шүберекпен сүртіңіз және барлық бөлшегін кептіріңіз.
6. Сүтке арналған сыйымды ыдыстың дұрыс жиналғанына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТПЕ: сүзгінің ұстауышын және сүзгілерді ыдыс жуғыш машинада жууға бол-
майды.
4.2. АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНУ
1. Суға арналған ыдысты және сүтке арналған ыдысты MAX деңгейіне дейін
салқын сумен толтырыңыз.
2. Ашаны сәйкес келетін кернеулі розеткаға қосыңыз.
3. «ІСКЕ ҚОСУ/ӨШІРУ» батырмасын басыңыз, қуат көзі индикаторы жанады, кофе
қайнатқыш автоматты қыздыру процесін бастайды. Процесс аяқталған бойда
барлық батырманың индикаторы үзіліссіз жанып тұрады.
4. Кесені қайнату бастиегінің астына қойыңыз. Сүт беру ауыстырып қосқышын
сағат тіліне қарама-қарсы бұраңыз. «ЛАТТЕ» батырмасын басып, 3 секунд бойы
ұстап тұрыңыз. Аспап сүтке арналған түтіктен ыстық су бере бастайды. Ыстық
судың сүтке арналған түтіктен ағып кетуін шамамен 8 секунд бойы күтіңіз, одан
соң процесті тоқтату үшін «ЛАТТЕ» батырмасын қайтадан басыңыз. Бұл процесс
алғашқы қолданыс үшін судың бос түтіктен ағуына мүмкіндік береді.
ЕСКЕРТПЕ: алғашқы рет іске қосқанда аспаптан шу шығады және аздап дірілдейді.
Бұл қалыпты жағдай және қысымы 20 бар сорғы үшін ақау болып саналмайды.
5. Сүзгіні сүзгіні ұстауышқа орнатыңыз.
6. Сүзгінің ұстауышын кофенің қоюы жоқ қайнату бастиегіне қойыңыз, оны 45°
сол жаққа бұрыңыз және орнына бекітілуі үшін оңға қарай бұраңыз. Сүзгінің
ұстауышы аспапқа перпендикуляр болуы немесе оңға қарай аздап еңкейіп
тұруы керек.
7. Бос кесені сүзгінің ұстауышы астына орнатыңыз және «ЭСПРЕССО» батырмасын
бір рет басыңыз.
8. Қайнату циклі аяқталғаннан кейін суын ағызып жіберіңіз.
Енді сіздің кофе қайнатқышыңыз пайдалануға дайын.
ЭСПРЕССО ӘЗІРЛЕУ
1. Сүзгінің ұстауышын алыңыз және өлшеуіш қасықтың көмегімен сүзгіні кофенің
қоюымен толтырыңыз (19).
ЕСКЕРТПЕ: бір кісі ішетін мөлшерге ұсынылатын көлемі – 7-9 г, кофенің екі еселенген
мөлшеріне - 13-15 г. Көлемі сіздің қалауыңызға және сіз қолданған кофенің қоюына
қарай өзгеріп тұрады.
2. Кофенің қоюын нығыздауышпен (19) нығыздаңыз. Жақсы тегістелген және тегіс
беткі қабатқа қол жеткізу үшін кофенің қоюын бірқалыпты етіп нығыздау қажет.
Сүзгі ұстауышының жиектерінен кофенің қалдықтарын алып тастаңыз.
3. Сүзгінің ұстауышын 45°-қа бұрылған қайнату бастиегіне қойыңыз және бір
орында бекітілуі үшін оңға қарай бұраңыз. Сүзгінің ұстауышы аспапқа перпен-
дикуляр немесе оңға қарай еңкейіп тұруы тиіс.
4. Қыздырылған кесені сүзгі ұстауышының астына қойыңыз.
5. Кофенің бір кісі ішетін мөлшерін дайындау үшін «ЭСПРЕССО» батырмасын бір
рет басыңыз. Батырманың индикаторы қайнату кезінде ақ түсті болып жанып
тұрады.
6. Кофенің екі еселенген мөлшерін дайындау үшін «ЭСПРЕССО» батырмасын екі
рет басыңыз. Батырманың индикаторы қайнату кезінде көк түсті болып жанып
тұрады.
7. Аспап сіздің таңдауыңызға сәйкес эспрессо беруді бастайды. Процесс
аяқталғаннан кейін аспап автоматты түрде өшеді, батырманың индикаторы
циклдің аяқталғанын көрсетіп, жанады.
ЕСКЕРТПЕ: кофенің дәмі кофе дәндерінің түрі, қуыру деңгейі, ұнтақтаудың қат-
тылығы мен жұмсақтығы, ұнтақталған кофенің мөлшері және нығыздау қысымы
секілді көптеген факторға байланысты болады. Осы факторларды бір-бірден реттеп
отырып, тәжірибе жасап көріңіз, нәтижесінде сіздің қалауыңызға сәйкес келетін
дәмге қол жеткізуге болады.

Содержание