Polaris PHM 3009A Инструкция по эксплуатации онлайн [14/18] 92710

Polaris PHM 3009A Инструкция по эксплуатации онлайн [14/18] 92710
14
POLARIS
Моделі PHM 3009А
Электрлік миксер
Пайдалану бойынша нұсқаулық
POLARIS сауда маркасымен шығарылатын өнімді таңдағаныңыз үшін Сізге
ризалығымызды білдіреміз. Біздің бұйымдар өнімнің сапасына, жұмыс істеуіне және
дизайнына қойылатын жоғары талаптарға сәйкес әзірленген. Біздің фирманың жаңа
бұйымдарын сатып алғаныңыз үшін риза болатыныңызға сенімдіміз.
Аспапты пайдаланардан бұрын осы нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, онда
Сіздің қауіпсіздігіңізге қатысты маңызды ақпарат, сондай-ақ аспапты дұрыс пайдалану және
оны күту бойынша ұсыныстар берілген.
Нұсқаулықты кепілдік талонымен, касса чегімен, мүмкіндігінше картон қорабымен
және орау материалымен бірге сақтап қойыңыз.
I. Қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар
Аспап тұрмыста ғана қолдануға арналған.
Аспапты белгіленген мақсатта ғана қолдану керек.
Аспапты әрбір қосардың алдында қарап шығыңыз. Аспаптың өзі немесе оның желілік
сымы бүлінген болса, аспапты розеткаға қоспаңыз.
Назар аударыңыз! Аспапты ваннаның, қолжуғыштың немесе су толтырылған
басқа да ыдыстардың жанында пайдалануға болмайды.
Аспапты айнымалы ток көзіне ғана қосыңыз (~). Аспапты қосардың алдында оның
желіде пайдаланылатын кернеуге есептелгенін тексеріп алыңыз.
Аспапты кез келген дұрыс қоспау Сізді кепілді қызмет көрсету құқығынан
айырады.
Аспапты желіге қосардың алдында оның сөндірілген күйде екенін тексеріңіз.
Аспапты бөлмеден тыс жерде пайдаланбаңыз. Аспапты ыстықтан, күннің тура түсетін
сәулесінен, заттың қырына соғылудан, ылғалдан сақтаңыз (аспапты еш уақытта суға
салмаңыз). Сулы қолмен аспапты ұстамаңыз. Аспап су болып қалса, оны желіден
бірден ажыратып қойыңыз.
Аспап суға түсіп кетсе, оны бірден желіден ажыратыңыз. Бұл орайда қолыңызды суға
салмаңыз. Аспапты қайтадан пайдаланардың алдында оны білікті маман тексеруге
тиіс.
Аспапты пайдаланғаннан кейін, қондырманы орнату немесе алу, аспапты тазартқан
кезде немесе ол бүлінген кезде оны әрқашан желіден ажыратып қойыңыз.
Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. Аспапты балалардың қолы
жетпейтін жерде сақтаңыз.
Аспаптың желілік сымынан ұстап, оны басқа жерге тасуға болмайды. Аспаптың
желілік сымынан ұстап тұрып, оны желіден ажыратуға тыйым салынады. Аспапты
желіден сөндірер кезде оның штепсельді айыртығынынан ұстаңыз.
Пайдаланғаннан кейін электр қуатының сымын аспапты айналдыра орамаңыз, өйткені
бұл уақыт өте келе сымның сынуына әкеп соқтырады. Аспапты сақтаған кезде оның
сымын әрқашан түзетіп қойыңыз.
Аспаптың сымын білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ғана
ауыстыра алады. Аспапты біліксіз адамның жөндеуі пайдаланушы үшін қауіп
туғызады.
Аспапты өзіңіз жөндемеңіз. Аспапты қызмет көрсету білікті маманы жөндеуі керек.

Содержание

Скачать