Little Doctor LD-90 [11/12] Қазақстан тұтынушыларына арналған ақпарат

Little Doctor LD-90 [11/12] Қазақстан тұтынушыларына арналған ақпарат
10
ҚАЗАҚСТАН ТҰТЫНУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН АҚПАРАТ
Атауы: КҮРЕ ТАМЫРДЫҢ ҚАН ҚЫСЫМЫН ӨЛШЕУГЕ АРНАЛҒАН МЕХАНИКАЛЫҚ
АСПАП. LD-91 ҮЛГІ.
Пайдаланылуы: адамның максимальды (жоғарғы) жəне минимальды (төменгі) күре
тамырдың қан қысымын Коротков жүрек соғу дыбысы бойынша өлшеу.
Ұсыныстар: Сіздің күре тамырыңыздың қан қысымына тек дипломы бар дəрігер
ғана күнделікке түсірілген деректер негізінде талдау жасай алады. Есіңізде болсын,
гипертонияға диагноз қою мен емдеудің кез к
елген түрін күре тамыр қан қысымының өзі
алған көрсеткіштері негізінде тек дипломды дəрігер ғана жүргізеді. Дəрі-дəрмектерді
қолдану немесе олардың дозасын өзгертуді тек емдеуші дəрігердің жазбасы бойынша
ғана жүзеге асыру қажет. Сіздің күре тамырыңыздың қан қысымының дұрыс
көрсеткіштерін алу үшін оны өлшеу кезінде тыныштық сақтау қажет. Күре тамырдың
қан қысымын өлше
удің дəлдігі аспап көмк
ермесінің Сіздің білегіңіздің көлеміне сəйкес
келуіне байланысты. Көмкерме тар немесе керісінше кең болмауға тиіс. Бұл аспап
ересек адамның қан қысымын өлшеуге есептелген. Сондықтан егер Сіз баланың қан
қысымын өлшегіңіз келсе, дəрігермен кеңесіп алыңыз. Қан қысымын қайталап өлшеу
қажет болса, қолдағы қан айналымының қалпына келуі керек екені есіңіз
де болсын
.
Сондықтан қайталап өлшеуді тек 2-3 минуттан кейін ғана жүргізіңіз. Алайда, ашық
атеросклерозбен ауыратын адамдардың қан тамырларының созылғыштығы нашар
болатындықтан олардың қан қысымын өлшеулердің арасына көбірек уақыт (10-15
минут) қажет болады. Мұның ұзақ уақыт қант диабетімен ауыратындарға да қатысы
бар. Күре тамырдың қан қысымын неғұрлым дəлірек анықтау үшін жалғасты 3 рет
өлшеу жүргізіп, с
оның орта мəнін алған дұрыс
.
Күту, сақтау, жөндеу жəне өтелге шығару: Бұл аспапты жоғары ылғалдылықтан,
тура түсетін күн сəулесінен, соққылардан сақтау қажет. Аспапты жылыту құралдары
мен ашық от тым жақын жерде сақтамаңыз жəне пайдаланбаңыз. Аспаптың уытты
ерітінділерге жанасуына жол бермеңіз. Көмкермені жууға болмайды. Көмкерме
мен резина түтікшелерді өткір заттардан сақтаңыз. Қаже
т бо
лған жағдайда жөндеу
жұмыстарын тек мамандандырылған ұйымдарда ғана жүргізіңіз. Белгіленген қызмет
ету мерзімі бітерде аспаптың техникалық жағдайын тексертіп алу үшін, ал егер оны
өтелге шығару қажет болса, сол уақытта Сіздің аймақта қолданыста болған өтелге
шығару ережелеріне сəйкес ауық-ауық мамандарға (мамандандырылған жөндеу
ұйымдары) көрсетіп тұрған дұрыс.
Кепілдемелік міндеттемелер: Бұл аспапқа са
тылған күнінен баст
ап 12 айға
кепілдемелік мерзім белгіленген. Кепілдемелік міндеттемелер аспап тұтынушыға
сатыларда кепілдемелік талонмен ресімделеді. Кепілдемелік қызмет көрсетуді
қамтамасыз ететін ұйымдардың мекен-жайлары кепілдемелік талонда көрсетілген.
Өндірілген жылы «АА» нышандарынан кейінгі сериялық нөмірде төрт санмен
белгіленген. Сериялық нөмір манометрдің тұрқында жазылған.
Сертификаттау, мем.тіркеу жəне өндіруші туралы мəліметтер: Қазақстан
Республикасының денса
улық сақтау істері жөніндегі Агенттігінің тіркеу куəлігі РК-МТ-
5004362 15.10.2007 берілген.
Компания өнімі: Little Doctor International (S) Pte. Ltd., 35 Selegie Road #09-05 Parkline
Shopping Centre, Singapore 188307
Мына заводта жасалған: Shanghai Little Doctor Electronic Co., Ltd., #4514-1 Cao’an
Road, Jiading District, Shanghai, P.R. China.
Экспорттаушы: Little Doctor International (S) Pte. Ltd.
www.LittleDoctor.kz

Содержание

Скачать