LG 47LM860V — 3D мазмұнды көру кезінде сақтық шаралары мен ұсыныстар [76/146]

Превью страниц Страница 76 / 146
LG 47LM860V [76/146] Абайлаңыз
10
ENG




3D мазмұндағы жыпықтайтын жарықты көргенде, кейбір пайдаланушыларда ұстама немесе
әдеттен тыс белгілер болуы мүмкін.
Құсқыңыз келсе, жүкті болсаңыз және/немесе эпилепсия, жүрек ауруы немесе қан тамыр ауруы,
т.б. сияқты созылмалы ауруыңыз болса, 3D бейнелерді көрмеңіз.
3D мазмұндар стерео соқырлыққа немесе стерео аномалиясына шалдыққан адамдарға
ұсынылмайды. Қос кескіндерді көру немесе көруде ыңғайсыздық пайда болуы мүмкін.
Егер сізде страбизм (қылилық), амблиопия (нашар көру) немесе астигматизм босла, тереңдікті
сезуде мәселеңіз болуы мүмкін және қос кескіндерге байланысты қалжырауды сезуіңіз мүмкін.
Орташа үлкендермен салыстырғанда жиірек үзілістер жасау ұсынылады.
Егер көру қабілетіңіз оң және сол көзіңізде әр түрлі болса, 3D мазмұнды көру алдында көру
қабілетіңізді тексертіңіз.

3D мазмұнды ұйықтамаудан, тым көп жұмыс істегеннен немесе ішкеннен қалжырауды
сезінгенде көрмеңіз.
Осы белгілерді сезгенде, 3D мазмұнды пайдалануды/көруді тоқтатыңыз және белгі кеткенше
жеткілікті демалыңыз.
» Бұл белгілер кетпесе, дәрігерге қаралыңыз. Белгілер бас ауыруын, көздің алмасының
ауыруын, бас айналуды, жүрек айнуын, тез жүрек соғуын, бұлдырауды, ыңғайсыздықты, қос
кескінді, көру ыңғайсыздығын немесе қалжырауды қамтиды.


3D мазмұнды көргенде, сағат сайын 5 - 15 минуттық үзілістер жасаңыз. 3D мазмұнды ұзақ уақыт
бойы көру бастың ауыруын, бас айналуын, қалжырауды немесе көзге жүктеме түсуін тудыруы
мүмкін.


Содержание

282

3D мазмұнды көру кезінде денсаулыққа қатысты қауіптер мен ұсыныстар. Эпилепсия, жүрек ауруы бар адамдарға 3D бейнелерді көру ұсынылмайды.