Panasonic KX-DT 546 RU [37/52] Басқару элементтерінің орындары

Panasonic KX-DT 546 RU [37/52] Басқару элементтерінің орындары
KX-DT590
A СКД (Сұйық кристалды дисплей):
KX-DT521: 1 желі, KX-DT543: 3 желі, KX-DT546: 6 желі
B Хабарлама/қоңырау шамы:
Ішкі қоңырау қабылдаған кезде, шам жасыл түспен жыпықтайды,
ал сыртқы қоңырау қабылдаған кезде шам қызыл түспен
жыпықтайды. Хабарлама қалдырылған кезде, шам қызыл түспен
жанып тұрады.
C Икемді ОТС түймешіктері: Сыртқы желіні ұстап қалу немесе
пернеге тағайындалған мүмкіндікті орындау үшін пайдаланылады.
D Телефон тұтқасының ілгегі: Құрылғы қабырғаға орнатылған
кезде телефон тұтқасының тұрақты ілінгенін қамтамасыз етеді.
E Құлаққап тесігі
F PAUSE/PROGRAM (KX-DT521 ғана): Телефон нөмірін сақтаған
кезде кідіріс енгізу үшін пайдаланылады. Бұл түймешік сондай-ақ
осы құрылғыны бағдарламалау үшін пайдаланылады.
PAUSE (KX-DT543/KX-DT546 ғана): Телефон нөмірін сақтаған
кезде кідіріс енгізу үшін пайдаланылады.
G CONF: Конференциялық сөйлесуді орнату үшін пайдаланылады.
H MESSAGE: Көрсетуді күтетін хабарламаны қалдыру немесе
көрсетуді күтетін хабарламаны қалдырған тарапқа жауап қоңырау
шалу үшін пайдаланылады.
I FLASH/RECALL: Ағымдағы қоңырауды ажырату жəне тұтқаны
қоймай басқа қоңырау шалу үшін пайдаланылады.
9
Басқару элементтерінің орындары

Содержание

Скачать