Bosch DWK65AJ80R [7/36] Тазалау және күту

Bosch DWK65AJ80R [7/36] Тазалау және күту
Тазалау және күту kk
7
8  Тазалау және күту
Құрылғыңыздың ұзақ уақыт бойы жұмыс жасауын
болдыру үшін, оны мұқият тазалап күтіңіз.
8.1 Тазалау құралы
Тиісті тазартқыш құралдарды қызмет көрсету
оратылығынан немесе интернет-дүкеннен алуға
болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Сай емес тазалау заттары құрылғының беттерін
зақымдауы мүмкін.
Щетка немесе өткір қырғыш пайдаланбаңыз.
Қатты алкогольдік тазалау құралын
пайдаланбаңыз.
Ешқандай қатты губка немесе тазалау губкаларын
пайдаланбаңыз.
Әйнек тазартқыш құралдарды, әйнек беттерді
тазалайтын қырғыштарды немесе тот баспайтын
болаттан жасалған бұйымдарды күту құралдарын,
сәйкес бөлшекті тазалау туралы нұсқауларда
айтылған болса ғана пайдаланыңыз.
Ыдыс жуатын майлықтарды пайдалану алдында
мұқият жуып алыңыз.
8.2 Бұйымды тазалау
Дұрыс тазаламау салдарынан немесе жарамсыз
тазартқыш құралдарды пайдалану салдарынан
зақымдалған болса, құралды берілген нұсқауларға
сәйкес тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ‒Жарылу қауіпі!
Агрессивті сілтілі және қышқылды күйдіргіш
тазартқыш құралдар ыдыс жуғыш машинаның
алюминий бөлшектерімен реакцияға түсетіндіктен, ол
жарылысқа әкеп соғуы мүмкін.
Агрессивті сілтілі және қышқылды күйдіргіш
тазартқыш құралдарды ешқашан қолданбаңыз.
Ондай тазартқыш құралдармен әсіресе алюминий
бөлшектерді, мәселен, коммерциялық және
өнеркәсіптік мақсатта пайдаланылатын иіс тарту
құбырының май сүзгісін тазаламаңыз.
ЕСКЕРТУ‒Электрик тоқ соғу қатері бар!
Ішіне кірген ылғалдық тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Тазаламас бұрын, желілік кабель ашасын
розеткадан шығарыңыз немесе сақтандырғыштар
блогындағы сақтандырғышты ажыратыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін булап тазартқыш немесе
жоғары басымдылықты булап тазартқышты
пайдаланбаңыз.
ЕСКЕРТУ‒Күйіп қалу қатері!
Құрылғы жұмыс істегенде қызып кетеді.
Құрылғыны тазаламас бұрын суытыңыз.
ЕСКЕРТУ‒Жарақаттану қатері!
Құрылғының ішіндегі кей бөлшектердің жиектері
өткір.
Құрылғының ішкі бөлігін мұқият тазалаңыз.
1.
Тазартқыш құралдарға қатысты ақпараттарды
ескеріңіз.
2.
Беттің түріне қарай тазалаңыз.:
Тот баспайтын болаттан жасалған беттерді
жөкемен және ыстық сабынды сумен
тазалаңыз.
Лакталған беттерді жөкемен және ыстық
сабынды сумен тазалаңыз.
Алюминий беттерін жұмсақ шүберекпен және
әйнек тазалайтың құралмен тазалаңыз.
Пластмассадан жасалған беттерді жұмсақ
шүберекпен және әйнек тазалайтың құралмен
тазалаңыз.
Шыны беттерді жұмсақ шүберекпен және
әйнек тазалайтың құралмен тазалаңыз.
3.
Жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
4.
Тот баспайтын болат беттерді тазалау үшін тот
баспайтын болат беттерді күтуге арналған құралды
жұмсақ шүберекпен жұқа қабатта жағу керек.
Тот баспайтын болат беттерді күтуге арналған
құралды қызмет көрсету оратылығынан немесе
интернет-дүкеннен алуға болады.
8.3 Басқару элементтерін тазалау
ЕСКЕРТУ‒Электрик тоқ соғу қатері бар!
Ішіне кірген ылғалдық тоқ соғуына алып келуі мүмкін.
Сулы жөкемен тазаламаңыз.
1.
Тазартқыш құралдарға қатысты ақпараттарды
ескеріңіз.
2.
Ылғал жөке мен ыстық сабын ерітіндісімен
жуыңыз.
3.
Жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
8.4 Май сүзгісін шешу
ЕСКЕРТУ‒Жарақаттану қатері!
Сүзгінің қақпағы теңселуі мүмкін.
Сүзгінің қақпағын жайлап ашыңыз.
Ашқан соң қақпақты енді дірілдемейтіндей етіп
бекітіп қойыңыз.
Сүзгінің қақпағын жайлап жабыңыз.
1.
Ашу үшін, сүзгінің қақпағын артқа қарай ашыңыз.

Содержание

Скачать