Polaris PUH 4570TFD [27/38] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар

Polaris PUH 4570TFD [27/38] Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
27
Сымды тек қана білікті мамандар қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана ауыстыра
алады. Біліктілілігі жоқ тұлға тарапынан жасалған жөндеу қолданушыны қауiп-қатерге
ұшыратуы мүмкін.
Құралды өз бетіңізбен жөндеуге болмайды. Жөндеуді қызмет көрсету орталығының білікті
мамандары ғана жүзеге асыруы керек.
Құралды жөндеу үшін тек қана түпнұсқа қосалқы бөлшектер пайдаланылады.
Назар аударыңыздар!
Кез келген ақау орын алған жағдайда уәкілетті сервис орталығына хабарласыңыз
Осы құралдың қауіпсіздігі жөніндегі арнайы нұсқаулар
Құрал тек қана тұрмыста пайдалануға арналған.
Алғаш рет қоса алдында құралды бөлме температурасында 30 минутқа қалдырыңыз.
Ылғалдағыш жұмысының жағымды шарттары: температура 5-40ºС, салыстырмалы
ылғалдылығы 80% төмен.
Тегіс емес, орнықсыз қабатқа қойып, құралды қолдануға тиым салынады.
Жұмыс кезінде ауа ылғалдағыш жиһаздарды және басқа зат дүниелерді бүлдіріп алмас үшін,
олардан біршама қашықтықта тұруы тиіс.
Құралды тазартқанда немесе бөшкені сумен толтырғанда құралды желіден ажыратыңыз.
Құралға судың тиюіне жол бермеңіз.
Бөшкеде су болмаған кезде, құралды сөндіріңіз. Негіздегі қуыста (бу генераторының үстіндегі)
су жоқ бола тұра құралды іске қосқыңыз келсе, бұл құралдың сынуына әкеп соғуы мүмкін.
Құралға су толтыру үшін температурасы 40
o
С төмен болатын, тек қана таза суық суды
қолданыңыз (ең дұрысы дистилденген), суға хош иістендіргіштерді, майларды және тағы басқа
заттектерді қосуға тиым салынады.
Әр пайдаланғаннан кейін құралды тазартып, дезинфекциялаңыз.
Пайдалану саласы
Құрал осы Нұсқаулыққа сәйкес, тек қана тұрмыста қолдануға арналған. Құралды
өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға болмайды.
Өндіруші осы нұсқауда қарастырылмаған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайдың
нәтижесінде туындаған залал үшін жауапты емес.
Құралдың функционалдық тағайындауы бойынша
Ауаның ылғалдылығы адам денсаулығын сақтаудың өмірлік маңызды көрсеткіштерінің бірі
болып табылады. Ауада қашанда су буы болады, оның қаншалықты мөлшерде екені қоршаған
ортаның температурасына байланысты. Температура неғұрлым жоғары болса, ауадағы су буы да
соғұрлым жоғары болмақ. Қазіргі кездегі темірбетон және кірпіштен салынған ғимараттарда,
әсіресе қыс кезінде, ылғалдылық тым төмен мөлшерде болады, бұл адам денсаулығына теріс әсерін
тигізеді.

Содержание

Скачать