Polaris PEA 1241 [23/26] Тазарту және күту

Polaris PEA 1241 [23/26] Тазарту және күту
23
6. Көкөніс-жемістерді қабылайтын саңылауға біртіндеп сала бастаңыз, итергіштің көмегімен
сүзгі-үккішке қарай итеріңіз. Қабығын тағам ретінде қолданбайтын көкөністерді және
жемістерді тазартпай , сондай-ақ, ірі сүйектерін алып тастамай, салуға болмайды.
7. Бұл шырынсыққыштың тиімділігінің жоғары боулына қарамастан, қабылдайтын саңылауға
көкөністер мен жемістерді көп мөлшерде салуға болмайды, шағын көлемде, біртіндеп салған
дұрыс, құралды шамадан тыс жүктеуге жол бермеңiз. Көкөністерді және жемістерді
шырынсыққыш жұмыс істеп тұрғанда салады.
8. Шырынға арналған резервуар толғаннан кейін шырынды баса сыйымдылыққа құйып,
көкөністер мен жемістерді сығуды жалғастыру керек.
9. Құралда «тамшыларын бір тамызбау» функциясы бар, ол шырын сығу барысында
шырынсыққыштың шүмегінен шырынның тамшыларын іркілдеуіне жол бермейтін
функциясы, шырын сығу процессі аяқталған кезде, құралдың «шүмегін» аздап жоғары жаққа
қөтеріңіз, сонда шырынсыққыштың ішкі ыдысында жиналып қалған шырын үстелдің үстіне,
яғни жұмыс қабатына төгілмейді.
10. Күнжараға арналған сыйымдылық толғаннан кейін , құралды сөндіріп, электр желісінен
ажыратыңыз. Жоғарыда келтірілген кеңестерді басшылыққа алып, күнжараға арналған
сыйымдылықты желіден ажыратыңыз. Сыйымдылықты күнжарадан тазартып, орнына қойыңыз.
Шырынсыққышты тағы қосып, шырын сығу барысын жалғастыра беріңіз.
11. Назар аударыңыз: Шырынды жинау үшін жұмыс сыйымдылықтан шырынның шығуын
бақылау қажет. Жұмыс сыйымдылықты өңделген жидектердің сұрыпына, түріне, сапасына
байланысты қалдық жұмсақтан- күнжарадан тазалап тұрыңыз. Айналдыратын тұрбаның ішінде
жұмсақтың тұрып қалмауын қадағалаңыз.
Шырынсыққыштың жұмыс істейтін аймақтарын күнжараның жұмсақ қалдықтарынан ұқыпты
тазартылмаған болса, онда бұндай құралдың бұзылуына әкеліп соғады!
12. Ескертпе: Шырын сығу барысындағы шырынның бөліну мөлшері олардың түрі мен
қаншалықты балғын екендігіне байланысты. Шырын сығу үшін жеуге жарамды өнімдерді ғана
қолданыңыз; киви шырынын әзірлеуден бұрын, жемісті тазартып алу қажет.
Тек қана балғын көкөністер мен жемістерді пайдалануға кеңес беріледі.
Қабығы жұқа көкөністер мен жемістерді тазартудың қажеті жоқ. Тек қалың қабығын ғана
аршу керек, мысалы, ананастың немесе шикі қызылшаның.
Алма шырынын әзірлеген кезде, оның қоюлығы мен қанықтылығы алманың сұрыпына
байланысты екенін ескеріңіз. Сондықтан, шырынды Өзіңіз ұнататын алма сұрыпынан
әзірлеңіз.
Алма шырынының тез қарайып , түсі қоңырқай болуына байланысты, бірнеше тамшысы
осы үрдісті біраз тежейтін лимон шырынын қолдануға кеңес береміз.
Бұл құрал банан, папайя, авокадо, инжир және манго сияқты крахмал құрамы өте жоғары
жемістерді өңдеуге арналмаған. Бұл үшін ас үйлік комбайнды, блендердінемесе миксерді
пайдалану керек.
Шырынды әзірленгеннен кейін бірден ішуге кеңес береміз, өйткені, сақтау кезінде немесе
ауамен жанасқанда ол өзінің дәмділік қасиеттерін және тағамдық құндлығын жоғалтады.
Шырынның максималды мөлшерін алу үшін итергішке баяу басу қажет.
Шырынсыққыш қант құрағы сияқты қатаң, талшықты өсімдіктерді өңдеуге арналмаған.
Тазарту және күту
Құралды тазарту тек қана қолданып болғаннан кейін ғана емес, сонымен қатар,
шырынсыққышпен жидектерді өңдеу процесі кезінде мезгіл сайын тазартып тұру қажет.
Шырынды жинауға арналған сыйымдылықты күнжараның қалдық жұмсақтарынан мезгіл сайын
тазартып тұру қажет және одан басқа шырынның резервуарға шығатын тұрба арқылы еркін
шығуын бақылаңыз.

Содержание

Скачать