Polaris PKM 1104 Руководство по эксплуатации онлайн [45/54] 762198

Polaris PKM 1104 Руководство по эксплуатации онлайн [45/54] 762198
45
Назар аударыңыз! Құмыра дұрыс орнатылмаған кезде құрал жұмысын тоқтатады.
Аспаты желіге қосыңыз және жылдамдық режимін ауыстырып-қосқыштың (2) көмегімен
жылдамдықты таңдаңыз.
Назар аударыңыз! Құмыраның қақпағы ашық тұрғанда аспапты пайдалануға тыйым
салынады!
Араластыру барысында тағамдық ингредиенттерді қосу үшін қақпақтан (24) өлшеуіш бітеуіш
стақанды (28) алып шығыңыз. Тағамдық ингредиенттерді біртіндеп, аздаған порциялармен
қосу ұсынылады.
Назар аударыңыз! Ингредиенттерді қосу кезінде құралды үнемі өшірген дұрыс!
Назар аударыңыз! Құралдың үздіксіз жұмыс ұзақтығы 5 минуттан аспуы тиіс. Қайталап қосуды
тек 10 минуттан кейін ғана жүргізуге рұқсат етіледі. Құралды 3 реттік қосудан кейін 15-20 минут
бойына құралды салқындату қажет.
Назар аударыңыз! Жұмыс аяқталғаннан кейін, өнімдерді алмас бұрын, құралды электр
желісінен өшіріңіз және қозғалтқыштың толықтай тоқтауын күтіңіз, сосын тағам бар құмыраны
сағат тілі бойынша аздаған бұрышқа бұра отырып, жетектен шешіңіз. Сынуының алдын алу үшін
күш салмаңыз.
7. ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ КҮТІМ
Асүйлік машинаны тазалау
Аспаптың тазалануын пайдалану аяқталғаннан кейін бірден жүргізу қажет.
Аспапты тазалау алдында оны желіден сөндіріңіз, қаптаманы ажыратыңыз ыдысты және
ыдыстың қақпағын шешіп алыңыз (алынғы тараудағы сипаттаманы қар.).
Аспап корпусына, ыдысқа және қондырмаларға күтім жасау үшін қажақ материалдарды
және органикалық ертікіштерді қолданбаңыз.
Пайдаланылған қондырмаларды және ыдысты, ыдыс жууға арналған жұмсақ құралдарды
пайдаланып, жылы су ағынымен жұмсақ ысқышпен немесе қылшақты щеткамен жуыңыз.
Таза жылы сумен шайыңыз.
Араластырға арналған ыдысты да ыдыс жуатын машинада жууға болады. Бұл ретте ыдыс
жуатын машинаның және қолданылатын жуғыш құралдардың нұсқаулықтарын
басшылыққа алу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ыдыс жуатын машинада барлық қондырмаларды жууға
тыйым салынады.
Аспап корпусын және жетек торабын жұмсақ ылғал матамен сүртіп алыңыз.

Содержание

Скачать
Случайные обсуждения

Ответы 0

Почему не включается?
4 месяца назад