Polaris PGP 2602 DV — құрылғыны қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулық [26/31]

Polaris PGP 2602 DV [26/31] Электр құралдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік жөніндегі
26
Құрылғының жұмыс панельдерінің арасындағы саңылаулардан шығатын будан абай болыңыз.
Қолдарыңызды құрылғының шеттеріне жақындатпаңыз.
Құрылғыны мұздатылған тағам өнімдерін әзірлеу үшін қолданбаңыз, мұздатылған тағам өнімдерді
әзірлемес бұрын оларды мұздан еріту қажет.
Құрылғыны майды жинауға арналған алынбалы түпқоймасыз пайдаланбаңыз.
Құрылғының жұмыс панельдеріне зақым келтірмеу үшін, ешқашан метал асүй бұйымдар мен үшкір
металл заттарды және кез келген өткір заттарды қолданбаңыз, сондай-ақ, жұмыс панельдерінің үстінде
тағам өнімдерді кеспеңіз. Күйіп қалудан қорғайтын жабыны бар ыдыстарға арналған асханалық
аспаптары мен ыстыққа төзімді асүй саймандарын қолданыңыз.
Құрылғы қызып тұрған кезде оның орнын ауыстыруға және жылжытуға тыйым салынады, құрылғы
толық суығанша күте тұрыңыз.
Құрылғыны тұтқасынан ұстап тасымалдауға болмайды. Құрылғыны дұрыс пайдаланбаудың нәтижесінде
туындаған ақаулықтар Сізді кепілдікті қызмет көрсету құқығынан айырады.
Құрылғыны қандай да бір затты кептіру және жылыту үшін қолданбаңыз.
Құрылғыны тез тұтанатын бұйымдар мен жанғыш заттардың жанында және жылу шығаратын көздерінің
немесе бұйымдарының қасында, сондай-ақ, жоғары температура әсерінен құрылғының түрін немесе
оның пішінің өзгертетін тұрмыстық бұйымдарының қасында, сонымен бірге жоғарғы температура
салдарынан бөлменің ішкі көрінісіндегі қандай да бір заттардың түрін не олардың пішінің оңай түрде
өзгертетін тұрмыстық бұйымдарының маңайында қолданбаңыз.
Құрылғыны тек қана жақсы желдетілетін бөлмеде пайдаланыңыз.
Тағамды әзірлеп болған соң, әр жолы құрылғының қыздыру температурасын реттейтін реттеуіш тетігін
«0» қалпына орнатып, құрылғының электр желілік баусымның айыртетігін желісінен ажыратыңыз.
Назар аударыңыз!
Тағам өнімдерді әзірлеп болған соң, оларды құрылғыдан бірден шығарыңыз, егер әзірленген өнімдер
іске қосылып тұрған құрылғының ішінде ұзақ уақытқа қалатын болса, олар күйіп кетуі мүмкін, ал бұл
салдарынан өрттің шығуы да мүмкін.
43. ЭЛЕКТР ҚҰРАЛДАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЖӨНІНДЕГІ
ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛАР
Бұл құрылғы электр энергетикасы саласындағы заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылуы
тиіс, яғни құрылғының пайдалануы «Тұтынушылардың электрлі қондырғыларын техникалық пайдалану
қағидалары» бойынша тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану тәртібін
айқындайтын ережелерінің талаптарына сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.
Әр жолы құрылғыны іске қоспас бұрын, оны қарап шығыңыз. Бұл құрылғының және оның электр
желілік баусымның қандай да бір ақаулығы анықталған жағдайда, құрылғыны электр желіге, ашалы
розеткаға қосуға мүлдем болмайды.
Құрылғы еденге не жерге құлаған жағдайда, оның көзге анық көрінетін қандай да бір ақаулығы
(зақымдауы) байқалған кезде, құрылғыны қолданбаңыз. Құрылғыны пайдаланбас бұрын, оны білікті
маманға көрсету қажет, оны тек қызмет көрсету орталығының қызметкері ғана тексеріп шығуы тиіс.
Егер Сіз құрылғының жұмыс жасау мүмкіндігіне және жұмыс қабілеттілігі жөнінде күмәндансаңыз,
құрылғыны пайдаланбаңыз.
Аталған құрылғыны қолдануға қатысты қауіпсіздіктері үшін жауап беретін тұлғаның нұсқаулығы
жүргізілген немесе қадағалау жүзеге асырылған кездерді есепке алмағанда, дене қабілеттігі шектеулі,
сенсорлық қабілеттілігі төмен, яғни сезімдік не болмаса ақыл-ой деңгейі кем, сондай-ақ, құрылғыны
қолдану үшін білімі мен тәжірибесі жоқ не қолдана білмейтін адамдар немесе жүйке жүйесінде немесе
психикалық, физикалық ауытқулары бар тұлғалардың (балаларды қоса алғанда) қолдануына
арналмаған. Олар бұл құрылғыны өз қауіпсіздігін қамтамасыз ететін адамның нұсқауы немесе
қадағалауы бойынша пайдалануға тиіс. Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеу үшін оларды
қадағалап отырыңыз.
Іске қосылып, жұмыс істеп тұрған құрылғыны ешқашан қадағалаусыз қалдырмаңыз. Құрылғыны
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
Назар аударыңыз!
Бұл құрылғыны ванна, ыдыс-аяқ жуатын шұңғылша немесе сумен толтырылған басқа ыдыстардың
қасында пайдалануға болмайды.Құрылғы суға түсіп кеткен жағдайда, оның электр желілік
баусымның айыртетігін бірден электрлік қоректену желісінен ажыратыңыз. Сонымен, бұл кезде
қолды суға малуға мүлдем болмайды. Құрылғыны екінші мәрте пайдаланудың алдында оны білікті
маман тексеріп шығуы керек.

Құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін қажетті нұсқаулар мен ережелер. Жұмыс панельдеріне зақым келтірмеу, дұрыс пайдалану және өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат.

Скачать