Electrolux EW6CR527P PerfectCare [4/72] Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат

Electrolux EW6CR527P PerfectCare [4/72] Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Балалар құрылғыны жөндеу және тазалау
жұмыстарын бақылаусыз орындамауы керек.
1.2 Қауіпсіздік туралы жалпы ақпарат
Бұл құрылғының техникалық сипаттамасын
өзгертпеңіз.
Егер кір жуғыш машинаның үстіне кір кептіргіш
машина қойылып тұрса, орнату жинағын
пайдаланыңыз. Уәкілетті дилерден алуға болатын
орнату жинағын керек-жарақтармен бірге
жеткізілетін нұсқаулықта көрсетілген құрылғыларда
ғана пайдалану керек. Орнатуды бастамай тұрып
мұқият оқыңыз (Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны жеке орнатуға немесе дұрыс орын
қалдыра отырып ас үй қаптамасының астына
орнатуға болады (Орнату кітапшасын қараңыз).
Құрылғыны бекітілетін есіктің артына, сырғыма
есіктің артына не топсасы керісінше орналасқан,
құрылғының есігін толық ашуға кедергі жасайтын
жерлерге орнатпаңыз.
Табанындағы желдеткіш саңылауларға кілем,
төсеніш немесе еденнің қаптамасы кедергі
жасамауға тиіс.
ЕСКЕРТУ: Құрылғыны таймер сияқты сырттан
қосатын құралмен жабдықтамау немесе жиі
қосылып және сөніп тұратын желілерге қоспау
керек.
Құрылғының ашасын розеткаға тек құрылғыны
орнатып болғаннан кейін ғана қосыңыз. Орнатып
болғаннан кейін ашаның қол жететін жерде
тұрғанына көз жеткізіңіз.
Қуат cымына зақым келсе, электр қатерінен
сақтандыру үшін оны өндіруші немесе оның
уәкілетті қызмет көрсету орталығы немесе сол
сияқты білікті маман ауыстыруға тиіс.
Ең көбі 7 кг салмақтан асырмаңыз ("Бағдарлама
кестесі" тарауын қараңыз).
www.electrolux.com4

Содержание

Похожие устройства

Скачать