LG GA-B419SLUL [34/56] Пайдалану

LG GA-B419SLUL [34/56] Пайдалану
06
KK
Пайдалану
Құрылғыны тұрмыстық тағам сақтаудан басқа мақсатта (медициналық немесе
сараптамалық материалдарын сақтау немесе тасымалдау) қолданбаңыз.
Құрылғыны су басқан жағдайда тоқ көзінен ажыратып, LG Electronics
тұтынушыларды қолдау орталығына хабарласыңыз.
Қатты жауын немесе найзағай кезінде немесе ұзақ уақыт қолданылмайтын
болса, тоқ көзінен ажыратыңыз.
Ашаны немесе құрылғыны басқару бөліктерін ылғал қолдармен ұстамаңыз.
Қуат сымын артық бүкпеңіз не оған ауыр зат қоймаңыз.
Құрылғының электр бөліктеріне су кіріп кететін болса, қуат ашасын ажыратып, LG
Electronics тұтынушыларды қолдау орталығымен байланысыңыз.
Салқын ауа шығаратын аймаққа, қақпағына немесе артындағы жылу шығаратын
торына қолдарыңызды немесе қандай да бір заттарды салмаңыз.
Үй жануарларын құрылғының ішіне салмаңыз.
Құрылғы есігін ашқан немесе жапқан кезде, жаныңызда балалар болса, абайлаңыз.
Есік балаға тиіп кетіп, зақымдауы мүмкін.
Балалардың құрылғының ішіне кіріп кету қаупін туғызбаңыз. Құрылғы ішіне кіріп
кетсе, тұншығып қалуы мүмкін.
.
Құрылғының үстіне ауыр немесе сынатын заттарды, сұйықтықпен толтырылған
контейнерлерді, жанатын заттарды немесе өртке қауіпті заттарды (мысалы,
шырақтар мен шамдар) қоймаңыз.
Егер газ (изобутан, пропан, табиғи газ, т.б.) шығып жатса, құрылғыны немесе қуат
ашасын ұстамаңыз жəне бөлмені дереу желдетіңіз. Бұл жабдықта газ түріндегі
хладагент (изобутан ,R600a) пайдаланылады. Пайдаланылатын газ көлемі аз
болса да, ол əлі де оңай жанғыш газ болып табылады. Жабдықты тасымалдау,
орнату немесе пайдалануда газ жылыстаған жағдайда ұшқын пайда болса, ол
өртке жарылысқа немесе жарақатқа əкеліп соғуы мүмкін.
Құрылғының жанында өртке қауіпті немесе жанатын заттарды (мыс., жанармай,
алкоголь, химикаттар, сұйытылған көмірсутек газы, жанатын шашыратқыш,
құрт-құмырсқаларды жоюға арналған құрал, ауаны сергіткіш, косметика, т.б.)
қолданбаңыз немесе сақтамаңыз.
Өзге дыбыс, иіс немесе құрылғыдан түтін шығатын болса, дереу ашаны қуат
көзінен ажыратып, LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығымен
байланысыңыз.
Тоңазытқыш контурының зақымдалуына жол бермеңіз
Қызмет көрсету
Құрылғыны тазаламас немесе ішкі шамын ауыстырмас бұрын қуат сымын
(салынған болса) ажыратыңыз .
Кез келген ылғалды жəне шаңды толығымен кетірген соң, розетка саңылауына
қуат ашасын қауіпсіз етіп жалғаңыз.
Құрылғыны тоқтан ешқашан қуат кабелінен тартып ажыратпаңыз. Əрқашан қуат
ашасын мықтап ұстап, розеткадан тіке тартып алыңыз.

Содержание

Скачать