LG GA-B419SLUL [48/56] Тазалау бойынша ескертпелер

LG GA-B419SLUL [48/56] Тазалау бойынша ескертпелер
20
KK
КҮТІП ҰСТАУ ЖƏНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
Тазалау бойынша ескертпелер
Құрылғының ішінен сөрені немесе тартпаны
алған кезде, жарақаттанудың немесе құрылғыны
зақымдаудың алдын алу үшін, сөреден немесе
тартпадан барлық сақталған тағамдарды алыңыз.
Сөрелері мен тартпаларын шығарып алып,
оларды сумен тазалаңыз да, қайта салмас
бұрын мұқият кептіріңіз алыңыз.
Есік тығыздауыштарын жиі ылғал жұмсақ
сүлгімен сүртіп тұрыңыз.
Құрылғы LED шамымен жабдықталған болса,
шам қақпағын жылжытпаңыз жəне LED шамын
кез келген жағдайда жөндеуге немесе оны
тексеруге əрекет жасамаңыз. LG Electronics
тұтынушыларды қолдау орталығымен
байланысыңыз.
Тазалап болған соң, қуат сымы
зақымдалмағанын, қызып кетпегенін немесе
дұрыс жалғанғанын тексеріңіз.
Құрылғының сыртқы жағын сүртіп алу үшін
жұмсақ ылғал сүлгіні қолданыңыз. Бейтарап
тазарту құралын қолдансаңыз, оның қалып
қалмағанын тексеру үшін таза сүлгімен сүртіп
алыңыз.
Сөрелерді немесе контейнерлерді ешқашан
ыдыс жуғыш машинада жумаңыз.
Қызып кетуге байланысты бөліктерінің
пішімі бүлінуі мүмкін.
Есік себеттерін алып тастау
Жəшіктің екі ұшын бірге ұстап тұрып, оны
жоғары қарай тартуарқылы шығарып алыңыз.
Есік себетін орнату
1
Себеттің шетінен екі қолыңызбен мықтап
ұстаңыз, бір шетін есіктегі бағыттағышқа
сұғыңыз, сосын осылайша екінші жағын
орнатыңыз.
2
Орнатқаннан кейін көлденең бағытта бекіп
тұруы үшін ақырындап себетті басыңыз.
Алынбалы əйнек сөрені
шығару жəне орнату
Сөрені орнату үшін кері тəртіппен осыған
ұқсас амалдарды жасаңыз.
1
Сөреге қарама-қарсы орналасқан есік
себетін шешіп алыңыз
2
Сөрені сəл жоғары көтеріп өзіңігзе
қарай тартыңыз.
САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Құрылғының ішінен жəне сыртынан
тазалаған кезде:
- сымды, ыстық суды немесе тіс пастасын
тазалауға қолданбаңыз;
- тұтанатын заттар жуғышын: спирт (этанол,
метанол, изопропил спирті, изобутил
алкоголь, жəне т.б.), еріткіш, бензин, бензол,
т.б. пайдаланбаңыз;
- абразивті немесе ағартатын затпен
қамтитын жуғыш заттарды қолданбаңыз,
олар құралы түстін бұзылуына немесе
нұқсан келтіруі мүмкін.

Содержание

Скачать