Redmond SkyIron C250S [31/40] Автоматты түрде өшу функциясы іске қосылғанда табанның қызуы тоқтайды

Redmond SkyIron C250S [31/40] Автоматты түрде өшу функциясы іске қосылғанда табанның қызуы тоқтайды
SkyIron RI-С250S
31
KAZ
көлденең күйде немесе бүйірде жатқан (кездейсоқ құлағанда) үтік
үшін шамамен 5 секундтан кейін;
тік күйде тұрған үтік үшін— шамамен 8 минуттан кейін.
Автоматты түрде өшу функциясы іске қосылғанда табанның қызуы тоқтайды,
сигнал естіледі, бұдан кейін аспап тұтқасында автоматты түрде өшу индикаторы
жыпылықтайды. Жұмысты жалғастыру үшін үтікті тұтқасынан ұстаңыз. Автомат-
ты түрде өшу индикаторы жыпылықтауды тоқтатады, табанның қызу индикаторы
жанады. Қызу индикаторы өшкен соң бірден үтіктеуді жалғастыруға болады.
Ready for Sky технологиясы
Ready for Sky
технологиясы планшет немесе смартфонның көмегімен бір атауы бар
бағдарлама-қолданба арқылы құралды қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.
1.
Өзіңіздің планшетіңізге немесе смартфоныңызға (қолданылатын
құрылғының операциялық жүйесіне байланысты) App Store немесе
Google Play қосымшалар дүкенінен Ready for Sky қосымшасын жүктеңіз.
2.
Ready for Sky қосымшасын іске қосыңыз, аккаунтты жасаңыз және
экрандағы көмекші сөздерді орындап отырыңыз.
Қосу үшін қолжетімді құрылғылардың тізімінде құралдың атауы үлгінің
нөмірімен сәйкес келеді. Жаңа атауды белгілеуге немесе бастапқы күйі
бойынша орнатылған атын қалдыруға болады.
3.
Үтікті тұмсығымен төмен ұстаңыз. Қысқа үш дыбыс шығады,
тұтқасындағы жарық индикаторы мобильді құрылғы үтікпен
байланысқа түскенге бойы жанып-өшіп тұрады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Операцияны орындар алдында суға арналған
резервуардың бос екендігіне көз жеткізіңіз.
4. Құралды қашықтықтан басқару мүмкіндігін өшіру үшін үтікті табаны-
мен жоғары бойы ұстап тұрыңыз. Екінші (ұзын) дабылдан кейін процес
аяқталады.
Тұрақты байланысты қамтамасыз ету үшін ұялы құрылғы құралдан 10
метрден астам қашықтықта болуы керек.
Ready for Sky технологиясы «Қауіпсіз режим» қосымша функциясын
қолдануға мүмкіндік береді. Мобилді қосымшамен қосылуы бар болса
берілген режимді қосу кезінде құралды пайдалану мүмкін болады. Олай
болмаған жағдайда құралдың қыздыру элементі бұғатталады, тұтқадағы
автоажырату индикаторы әр 3 секунд сайын екі реттен жанады.
Үтіктің бұғатын қолмен ажырату үшін оны табанымен жоғары бірінші
(қысқа) дыбыс сигналдарын. Одан кейін құралды электр желісінен бірнеше
секундқа өшіріңіз және қайтадан қосыңыз. Сонымен бірге байланысты
мобильді құрылғы туралы ақпарат үтіктің жадысында сақталып қалады.
Ready for Sky қосымшасында бұғаттан шешілуі туралы ескерту көрінеді.
III. АСПАПТЫ КҮТУ
Үтік табанын тазалаудың алдында ол электр желіден ажырап тұрғанына және
толық суығанына көз жеткізіңіз. Табанды ылғал матамен немесе губкамен тазалауға
болады.
Абразивті жуу құралдарын және жабындысы металл немесе абразивті
губкаларды, сонымен қатар химиялық агрессивті заттарды пайдаланбаңыз.
Аспапты қыздыру аспаптары мен тікелей күн сәулелерінен алыс құрғақ жерде сақтаңыз.
Жұмыс бетіне зақым тигізбеу үшін үтікті ылғи тік күйінде сақтаңыз. Үтік табанын металдық
және басқа қатты заттарға тигізбеңіз. Әк тұнбаларының пайда болуы мен резервуардың
ішкі бетінде ластанудың алдын алу үшін үтіктен суды үнемі төгіп отырыңыз.
Өзін-өзі тазалау функциясы
Осы функция үтікті табан шүмектерінде қалыптасқан қақтан тазалауға қызмет
етеді. Өзін-өзі тазалау шарасын айына 2-3 рет жүргізуге кеңес беріледі. Пай-
даланылатын су кермек болғанымен өзін-өзі тазалау да жиірек болуы керек.
Әрекет тәртібі өздігінен тазалану функциясын пайдалану кезіндегі әрекетің
тәртібі А3 схемасында көрсетілген.
1. Суды ыдысқа «Max» белгісіне дейін құйыңыз.
2.
Буды жабыңыз (бу реттегішін солға «0» күйіне дейін бұрыңыз). Табан-
ды қыздыру температурасы реттегішін «Max» күйіне орнатыңыз. Үтікті
электржеліге қосыңыз.
3. Қызу индикаторы өшкенде үтікті электр желісінен ажыратыңыз және
раковинаның үстінде көлденең күйде ұстаңыз.
4.
«Calc Clean» өзін-өзі тазалау түймешігін басыңыз және табан
тесіктерінен ыстық су мен бу шығуы тоқтағанша ұстаңыз. Бұл кезде
үтікті алға-артқа шайқауға кеңес беріледі. Тесіктерден шығатын бу
мен қайнаған су кірді кетіреді.
5. Тазалаған соң су ыдысы қақпағын ашыңыз және ыдыста қалған суды
төгіңіз. Қақпақты жабыңыз.
6. Табан суығанда оның бетін ылғал матамен сүртіңіз.

Содержание

Похожие устройства

Скачать