LG GCQ22FTBKL [87/122] Тастау

LG GCQ22FTBKL [87/122] Тастау
7
KK
Құрылғыны тоқтан ешқашан қуат кабелінен тартып ажыратпаңыз.
Әрқашан қуат ашасын мықтап ұстап, розеткадан тіке тартып
алыңыз.
Құрылғыны тазалау үшін, оның ішкі немесе сыртқы жағына су
не тұтанғыш заттарды (тіс пастасы, спирт, еріткіш зат, бензол,
жанғыш сұйықтық, жыратын зат және т.б.) шашпаңыз.
Құрылғыны щеткамен, шүберектермен немесе беттері қатты
губкамен немесе металдан жасалған затпен тазаламаңыз.
Құрылғыны тек LG Electronics тұтынушыларды қолдау
орталығының білікті маманы бөлшектеу, жөндеу немесе өзгерту
керек. Құрылғыны басқа орынға жылжытатын және орнататын
болсаңыз, LG Electronics тұтынушыларды қолдау орталығымен
байланысыңыз.
Құрылғының ішін кептіру үшін шаш кептіргішті қолданбаңыз
немесе иісін кетіру үшін ішіне шырақты қоймаңыз.
Өндіруші ұсынғаннан артық етіп, мұздату процесін үдету
үшін механикалық құрылғыларды немесе басқа заттарды
қолданбаңыз.
Сумен қамтамасыз ету желісін (тек құбыр жүйесіне қосылған
үлгілер үшін) тек ауыз су ағатын су көзіне жалғаңыз. Әйтпесе,
судағы лас нәрселер ауру тудыруы мүмкін.
Тастау
Құрылғыны тастаған кезде, сөрелер мен жәшіктерді орнында
қалдырыңыз да, есік тығыздауышын шығарып алып, құрылғыны
балалардан алыс жерге қойыңыз.
Барлық бума материалдарын (мысалы, пластик қалталар мен
пенопласт) балалардан алысқа тастаңыз. Бума материалдары
тұншықтыруы мүмкін.
Техникалық қауіпсіздік
Желдеткіш саңылауларын құрылғы корпусында немесе
кірістірілген құрылғыда кедергісіз қалдырыңыз.
Тоңазытқыштың ішінде электрлік құралдарды пайдаланбаңыз.

Содержание

Скачать